«Мадам Баттерфляй» операсының жаңартылған қойылымы ұсынылады

05.12.2022

«Мадам Баттерфляй» операсының жаңартылған қойылымы ұсынылады

 

14-15 желтоқсанда Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында либреттосы Л. Иллика және Дж. Джакоза Дэвид Беласконың аттас драмасы негізделген Джакомо Пуччинидің «Мадам Баттерфляй» 3 бөлімді операсының жаңартылған қойылымы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Мадам Баттерфляй» операсы – опера өнерінің өте əсерлі інжу-маржаны. Жақын арада театр сахнасында жаңа сценографиясы мен костюмдері, бірегей интерпретациясы нəзік (жарасымды) үйлесім тапқан қойылымның жаңа нұсқасының тұсаукесері театр репертуарында қайта жаңғырмақ. Спектакльдің басты ерекшелігі – кейіпкерлердің бейнесін тереңнен ашатын итальялық композитор Пуччинидің кемеңгер музыкасы. Алғаш рет бұл спектакльдің тұсаукесері 1972 жылы өтті. Араға 50 жыл салып, сценографиясы мен декорациясы түбегейлі жаңартылып көрермендер назарына ұсынылғалы отыр.

Бұл қойылымның мақсаты – Чио-Чио-санның қайғылы тағдырын көрсету ғана емес, Пинкертон, Кэт, Шарплестың да терең əрі қайғыға толы бейнелерін толыққанды ашу. Жаңа қойылымның ерекшелігі кейіпкерлердің бейнесінің тереңдігі десек те артық етпес. Шынымен, көрерменнің жан дүниесін баурап алатын, көркемдік жағынан техникалық машықтарды заманына сай сəйкестендірілген ерекше қойылым болары анық. Операның сюжеті – таңғажайыпқа толы елдердің бірі, мəдениеті мен дəстүрі арқылы ерекшеленетін Жапонияда өтеді. Бұл елдің барлық колоритын жеткізу үшін, Жапонияның «Кабуки» дəстүрлі театрының элементтері қолданылды.

Опера – итальян тілінде, қазақ және орыс тілдеріндегі синхронды субтитрлер бар.

Қойылымдық топ: Қоюшы дирижер және Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының бас дирижері – Ерболат Ахмедияров, қоюшы режиссер – Наталья Кагадий, қоюшы суретшілер: сценография – Владимир Пономарев, костюмдер – Әйгерім Бекмұхамбетова, видеопроекция – Марат Сагадинов, бас хормейстер – Әлия Темірбекова.

 

Сілтеме: BAQ.kz