Абай атындағы ҚҰОБТ солисі Эмиль Сакавов Татарстан елін таң қалдырды

11.02.2023

2023 жылдың 13 ақпанында көрнекті опера әншісі, әлемге әйгілі әртіс, Қазан қаласының тумасы Федор Иванович Шаляпиннің туғанына 150 жыл толуына (1873-1938) орай 30 қаңтар мен 28 ақпан аралығында өтіп жатқан әлемдік, әрі татар ұлттық музыкалық мәдениетін иеленуші М.Джалиль атындағы Татар опера және балет театры сахнасында XLI халықаралық опера фестивалі өтті. Фестивальге Абай атындағы Қазақ Ұлттық опера және балет театрының опера солисі Эмиль Сакавов шақырылып, орасан зор жетістікпен өнер көрсетті.

 

Халықаралық Шаляпин фестивалі итальяндық режиссер Джузеппе Морассидің қойылымындағы Дж. Россинидің «Севильдік шаштараз» операсымен ашылды. Абай атындағы Қазақ Ұлттық опера және балет театрының жетекші опера солисі Эмиль Сакавов Фестивальдің ашылу салтанатында ең алғашқылардың бірі болып, «Фигаро» партиясын ерекше орындап, татарстан көрермендерін баурап алды.

Мәдениет ошағының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша қазақстандық опера сахнасының жарық жұлдызы ыстық ықыласқа бөленіп, асқақ өнермен қауышу бақытын сыйлағаны үшін алғыс ретінде құшақ-құшақ гүлге әрі татар баспасөзі, музыкалық сыншылар мен жанкүйерлер тарапынан шаттыққа толы пікірлерге ие болды.

 

Атақты әртістің әлеуметтік желідегі парақшалары керемет өнер көрсетуге байланысты құттықтауларға, пікірлерге толды, желідегіоқырмандар опера солисінің дарыны мен тамаша техникасын атап өтіп, мақтау сөздерін жаудырды.

 

Источник: NazarMedia