Абай атындағы ҚазҰОБТ опера труппасына іріктеу сынақтан өтушілерге (стажёр) тыңдалым өткізетіндігі туралы хабарлайды

12.06.2024

Абай атындағы ҚазҰОБТ

опера труппасына іріктеу сынақтан өтушілерге (стажёр) тыңдалым өткізетіндігі туралы хабарлайды.

 

Тыңдалымға қатысу үшін 28 жасқа дейінгі жоғары, (аяқталған/толық аяқталмаған) музыкалық білімі бар жас әншілер (вокалистер) шақырылады.

Тыңдалым екі кезеңнен тұрады:

12 маусым – Сахнада фортепианоның (күйсандық) сүйемелдеуімен ән шырқау . Алғашқы тыңдалымнан іріктелген үміткерлерді 2 айналымға шақырады.

14 маусым – оркестрдің сүйемелдеуімен өнер көрсетеді.

 

Тыңдалымға қатысу үшін театр репертуарында бар қазақ, шет ел және орыс композиторларының шығармаларынан 3-4 көлемді ариялар ұсынылуы қажет. Сүйемелдеушінің (концертмейстер) қатысуын үміткер өзбетінше қамтамасыз етеді.

Тыңдалымға қатысатын үміткелер өтінімдерін тіркеу үшін, шығармашылық түйіндемесі мен орындайтын шығармаларының тізімдерін  theatrealmaty@mail.ru. электронды поштасына 11 маусымға дейін Word немесе PDF форматында жолдау қажет.