Наурыз online

19.03.2021
Құрметті көрермендер!
Биылғы жылы біздің театрдың наурыз қарсаңында жоспарланған офлайн мерекелік іс-шаралары бола алмады, бірақ Сіздерді қуантып, әр шаңыраққа мерекелік көңіл-күй сыйлағымыз келеді.
Біздің Наурыз-online 4 кештің марафонына айналады, біз виртуалды түрде болса да, Сіздермен бірге боламыз:
20 наурыз, сағат 18.00-де
“ВКонтакте” әлеуметтік желісінде Tengrinews.kz парақшасында
Е.Брусиловскийдің "Қыз Жібек" операсының онлайн-көрсетілімін ұсынамыз, операның
премьерасы өткен жылдың желтоқсан айында өткен болатын.
21 наурыз, сағат 18.00-де
театрдың @Abay Theatre ресми YouTube арнасында "Ұлы дала аңыздары" балетінің онлайн-көрсетілімі өтеді.
22 наурыз, сағат 23.30-да "Хабар" телеарнасынан
23 наурыз, сағат 18.35-те “Kazakh TV” телеарнасынан
бізбен бірге "Операдағы түн немесе Наурыз құтты болсын" атты мерекелік концертті көріңіздер.
Құлпырған көктемнің Наурыз мерекесінде баршамызға денсаулық, ізгі ниет пен шынайы бақыт тілейміз!