"АИДА" операсы - маңызды ақпарат

01.11.2021
Құрметті көрермендер!
Маңызды ақпаратты хабарлаймыз. Техникалық себептерге байланысты Дж.Вердидің "Аида" операсының премьерасы 2021 жылғы 27-28 қарашадан 14-15 желтоқсанға ауыстырылды.
Сатып алынған билеттермен не істеу керек?
Театр кассасынан сатып алынған билеттерге қатысты:
- Егер сіз бұрын сатып алынған билеттеріңізді сақтағыңыз келсе және сол билеттер арқылы жаңа бекітілген күндерге келгіңіз келсе, Сіз кассаға қоңырау шала аласыз: +7 727 272 79 34, бізге WhatsApp-қа жаза аласыз (+7 776 830 7808) немесе электрондық поштаға - theatreabay@gatob.kz билеттерді сақтау ниетіңіз туралы хабарлаңыз.
- Егер билетті қайтарғыңыз келсе, Кассаға келуіңіз қажет, мекенжайы: Қабанбай батыр көшесі 110; жұмыс уақыты-күн сайын сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 14.00-ден 15.00-ге дейін (телефон +7 727 272 79 34), қайтаруға өтініш толтырып, билет сомасын толық көлемде алуға құқылысыз.
Онлайн сатып алынған билеттер жөнінде:
- Сіз Тикетон.Кз қолдау қызметіне хабарласып, сіздің билетіңізді жаңа күндерге ауыстыру немесе сатып алудан бас тарту қызметін қолдана аласыз:
help@ticketon.kz
+7 (771) 936-53-53
+7 (727) 225-10-50
Түсіністік танытқаныңыз үшін алғыс айтамыз және Сіздің сұрақтарыңызға жауап беруге қуаныштымыз.
Ресми пошта: theatreabay@gatob.kz
WhatsApp: +7 727 272 79 34