СПЕКТАКЛЬДЕР УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛДЫ

13.01.2022

Құрметті көрермен қауым!

Біз үшін бұл жаңалықты жариялау өте ауыр әрі өкінішті болса да...

Қаңтар айындағы қайғылы оқиғаларға және Алматы қ-да енгізілген төтенше жағдайға байланысты, және Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 13.01.2022 жылғы № 1 қаулысы аясында, қаңтар айында өтетін барлық шаралардың тоқтатылуын жариялауға мәжбүрміз.

 

Тоқтатылған қойылымдарды кейінге қалдыруды ескере отырып, біз осы аптада жаңа репертуар дайындадық, бірақ карантиндік шаралар қанша уақытқа созылатыны туралы нақты ақпарат болмағандықтан, кейінге қалдыру өзектілігін жойды.

 

Билеттерді қайтаруға қатысты маңызды мәселе.

1.Егер билеттер онлайн режимінде (театрдың веб-сайтына немесе Ticketon билет жүйесіне өту арқылы) сатып алынған болса, сізге ақша біртіндеп қайтарылады. Сондай-ақ, сіз Ticketon тұтынушыларды қолдау қызметіне тікелей хабарласа аласыз:

help@ticketon.kz

+7 (771) 936-53-53 – WhatsApp / Telegram

Көптеген бас тартуларға байланысты қазір жұмыс салмағы өсетін әріптестерімізге түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.

 

2.Егер билеттер театр кассасында сатып алынған болса.

Билетті қайтару үшін театр кассасына тікелей хабарласып, қайтарылатын билеттердің түпнұсқасы мен жеке басын куәландыратын құжатты өзіңізбен бірге алып келуіңіз қажет.

Маңызды! Касса тек 4 ақпан бастап келесі кестеге сәйкес жұмыс істей бастайды: күн сайын сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін (үзіліс 14.00-ден 15.00-ге дейін).

 

Билеттерді қайтару 4 ақпан мен 9 ақпан аралығында жүзеге асырылады.

 

Тоқтатылған спектакльдердің билеттері театр болашақтағы іс-шараларына жарамсыз болады.

 

 

Басқа қалай көмектесе аламыз?

Кез келген ақпарат алу үшін бізге хабарламалар арқылы хабарласуға болады

WhatsApp: +7 776 830 7808

E-mail: theatreabay@gatob.kz

 

Сондай-ақ біздің әлеуметтік желілерде: FaceBook | Instagram | VK | Twitter

 

Сондай-ақ, көрермендеріміздің ыңғайына, соңғы жаңалықтарымызды және ағымдағы репертуарымызды алу үшін пошталық хабарландыру жүйелері жұмыс істейді, оны толығырақ мына сілтемеден табуға болады: https://gatob.kz/kz/o-teatre/novosti/k-nachalu-88-sezona/ 

 

 

 

Әрқайсыңызға түсіністік пен қолдау көрсеткеніңіз үшін шын жүректен алғыс айтамыз.

Алдағы кездесулерімізге сенеміз!

Абай атындағы ҚазҰОБТ ұжымы