Тәуелсіздік күнімен!

16.12.2020
Құрметті достар!
Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының ұжымы Сізді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтайды!
Біздің еліміз үшін бұл - ұлттық өзанықтамамыз бен өзіндік санамызды тану бойынша қажырлы еңбекпен байланысты ерекше мереке.
Тәуелсіздік жылдары - экономикалық тұрақтылық пен қоғамдағы келісім мен бейбітшілік жолындағы маңызды бағыт.
30 жылдан аз уақыт ішінде Қазақстан өзінің тарихи тағдырын толығымен өзгертіп, мықты мемлекет құрып, әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елдерінің тізіміне ене алды.
Осы күннің баршамызға ортақ табыс пен туған еліміздің гүлденуі жолындағы жаңа белестер мен қажырлы еңбектерге шабыт беруіне шын жүректен тілектеспін!