"Мадам Баттерфляй" операсы қайта сахнаға оралады

08.12.2022

"Мадам Баттерфляй" операсы қайта сахнаға оралады

"Мадам Баттерфляй" операсы – опера өнерінің өте əсерлі інжу-маржаны. Жақын арада театр сахнасында жаңа сценографиясы мен костюмдері, бірегей интерпретациясы нəзік (жарасымды) үйлесім тапқан қойылымның жаңа нұсқасының тұсаукесері театр репертуарында қайта жаңғырмақ.

 

Кейіпкерлердің бейнесін тереңнен ашатын итальяндық композитор Пуччинидың кемеңгер музыкасы – спектакльдің басты ерекшелігі болып табылады. Алғаш рет, аталмыш спектакльдің тұсаукесері 1972 жылы ұсынылған еді. Араға 50 жыл салып, сценографиясы мен декорациясы түбегейлі жаңартылып көрермендер назарына ұсынылады.

 

Бұл қойылымның мақсаты - тек Чио-Чио-санның ғана қайғылы тағдырын көрсету ғана емес, Пинкертон, Кэт, Шарплестың да терең əрі қайғыға толы бейнелерін толыққанды ашу. Жаңа қойылымның ерекшелігі – кейіпкерлердің бейнесінің тереңдігі десек те артық етпес. Шынымен, көрерменнің жан дүниесін баурап алатын, көркемдік жағынан техникалық машықтарды заманына сай сəйкестендірілген ерекше қойылым болатыны сөзсіз. Операның сюжеті – таңғажайыпқа толы елдердің бірі, мəдениеті мен дəстүрі арқылы ерекшеленетін Жапонияда өтеді. Барлық колоритын жеткізу үшін Жапонияның "Кабуки" дəстүрлі театрының элементтері қолданылды.

 

14-15 желтоқсанда Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында либреттосы Л. Иллика және Дж. Джакоза Дэвид Беласконың аттас драмасы негізделген Джакомо Пуччинидің «Мадам Баттерфляй» 3 бөлімді операсының жаңартылған қойылымы өтеді.

 

Источник: Mezgil