Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрына келу ережесі

Осы Ережелер касса залына, театрдың GATOB.KZ ресми сайтына, әлеуметтік желілердегі театрдың парақшаларына орналастыру арқылы көрермендер ескертіледі.

Театр афишада мәлімделген шаралар белгіленген күні мен уақытында, тиісті техникалық және көркемдік деңгейде өтуіне барлық мүмкіндік жасауға міндеттенеді.

Театр әкімшілігі Театр шараларының актерлік құрамына күні бұрын ескертусіз, өзгерістер еңгізу құқығын өзіне қалдырады. Актерлік құрамдағы өзгерістер театр билеттерін қайтаруға жеткілікті негіз болып саналмайды.

1

Театр қойылымдарына билет ала отырып, көрермен Театр ғимаратында қоғамдық тәртіпті сақтауға міндеттенеді.

2

Көрерменнің кесірінен Театрға материалдық зиян келтірілген жағдайда –Қазақстан Республикасының Заңнамасымен белгіленген тәртіп бойынша өтелуі тиіс.

3

Көрермен іс-шараға сәйкес киім үлгісін сақтауы тиіс, іс-шараға шолақ шалбар, майка, резеңке шәркеймен келмеуйі тиіс.

4

Көрермен гардеробтағы жеке киімдерін немесе нөмерлік жетонын жоғалтқан жағдайда, гардероб қызметшісіне немесе кезекші театр әкімгеріне хабарлауы тиіс

5

Көрермендердің театрға кіруі және қызмет көрсетуші қызметкерлердің жұмысы іс-шараның басталуына 1(бір) сағат бұрын басталады, көрермендер залына кіру бірінші қоңыраудан кейін басталып, үшінші қоңыраудан соң залдың есіктері жабылады.

6

Іс-шара өтіп жатқан уақытта барлық байланыс құралдары өшірілуі немесе дыбыссыз күту режиміне ауыстырылуы тиіс.

7

Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғауды қамтамасыз ету мақсатында көрермендерге спектакль кезінде әкімгердің арнайы рұқсатынсыз фото-, кино-, бейне-, телетүсірілім жүргізуге және кез-келген аудио жазбалар түрін жазуға тыйым салынады.

8

Көрермендер залына сырт киіммен, сусындармен, тамақпен және мастық күйде кіруге тыйым салынады.

9

Көрермендің қауіпсіздігі үшін театр ғимаратына қару-жарақ, өртке қауіпті, жарылғыш, улы, радиоактивті заттарды, қадалғыш, кескіш және басқа заттарды, пиротехникалық жабдықтарды, лазерлі қалта шамдарын, еліткіш заттарды, алкогольді сусындарды, үлкен көлемді сөмкелер мен пакеттерді, жануарларды алып кіруге, басқа көрермендердің киімін бүлдіретін киіммен және заттармен кіруге болмайды.

10

Көрермендер залындағы орнатылған қоршаулардан ары қарай өтуге, терезелерді ашуға, баспалдақтарға отыруға, жабық бөлмелерге кіруге, әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты тудыратын хабарландыруларды,плакаттарды және басқа да ақпараттық өнімдерді ілуге рұқсат етілмейді.

11

5 жастан асқан балаларды оларға билет сатып алынған жағдайда кешкі спектакльдерге алып келуге болады

12

Қазақстан Республикасының Кодексінің халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы 159 бабының 5 тармағына сәйкес- театрда шылым шегуге тыйым салынған.

1

Көрермен іс-шараларға билеттерді театр кассасынан, агенттік келісім арқылы қызмет ететін уәкілетті тұлғалардан, ticketon.kz, BeSmart сайттарынан ала алады.

2

Көрермен билеттің нақты қай күнге барын театр кассасынан +7 (727) 272-79-34 телефоны арқылы, gatob.kz, ticketon.kz, BeSmart сайттарынан, әкімгерден +7 (727) 272-79-63, +7 (727) 272-20-42 телефондарыы арқылы нақтылап біле алады

3

Көрермен театр қойылымдары, жеңілдіктердің болуын, театрға бару ережелері туралы толық ақпараттарды билет сатып алу кезінде алуға құқылы.

4

Театр өткізетін іс-шараға билет ала отырып, сатып алушы мәдениет саласында орындаушымен (Театр) ақылы қызмет келісім-шарт жасау фактісін, сонымен қатар театрға бару Ережелерімен келісетіндігін растайды. Ақылы қызмет көрсету келісімі сатып алушыға театр билетін беру арқылы рәсімделеді. Театр билеті қатаң есептегі бланк болып табылады және онда тұтынушымен жасалған шарт талаптары туралы ақпарат болады.

5

Билетте:

  • серия атауы мен сериялық номері
  • қызмет атауы мен түрі
  • іс-шараның өтетін күні мен уақыты, сондай-ақ көрерменніңзалдағы орны
  • қызметтің бағасы
  • театрға бару ережелер жинағы көрсетіледі
6

Билеттерді электронды сату ticketon.kz сайтында жүзеге асады.

7

Шараға кешіккен немесе басқа да себептептермен келе алмаған жағдайда театр кассасы көрерменге билет құнын қайтармайды. Бірақ көрермен қолындағы билетпен театр әкімгерімен келісіп, ағымдағы айда болатын театр шарасына келуіне болады. Бұл жағдайда театр көрерменге залдан белгілі бір орын бере алмайды

8

Билет бүлінген, жарамсыз болған және жоғалған жағдайда телнұсқасы (дубликат) берілмейді және ақшасы қайтарылмайды.

9

Театр шарасы болмай қалған, ауыстырылған, басқа күнге қалдырылған жағдайда билеттерді қайтаруға болады , өткізілген билеттердің құны сатып алушыға толығымен (100%) төленеді. Ақшалай қаражатты қайтару тек театр кассасы, сондай-ақ ресми өкілдері арқылы жүзеге асырылады.

10

Қолма-қол есеп айырысу арқылы қайтаруға тек театр кассасынан, сондай-ақ ресми өкілдерінен алынған, бақылау жолағы бүлінбеген билеттердің түпнұсқасы жатады.

11

Электронды билеттерді қайтару тек ticketon.kz сайты арқылы жүзеге асады.

12

Купондарды қайтару тек  BeSmart сайты арқылы жүзеге асады.

13

Билеттер іс-шараның болмайтындығы, ауыстырылатыны, басқа күнге қалдырылғандығы туралы ресми хабарланғаннан бастап қабылданады.

14

Іс-шарадағы орындаушылардың ауысуы билетті қайтару үшін негіз болып табылмайды.

15

Театр жалған билеттерге, театрдың ресми өкілі болып табылмайтын тұлғалардан алынған билеттерге жауап бермейді.

Түсінікпен қарағандарыңызға рахмет!