R-PRODUCTION: П.И.Чайковский "АҚҚК КӨЛІ"

04/06 - 18:00

Ұзақтығы: 2 40мин

*театрға келген кезде маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтау маңызды

 

*көрермендер залында сатып алынған билетте көрсетілген орындарға отыруларыңызды өтінеміз

 

*Құрметті көрермендер!

Абай атындағы ҚазҰАОБТ негізгі қызметін қауіпсіз жүргізу бойынша "Ашық" қосымшасының пилоттық жобасының қатысушысы болып табылады,

бағдарлама аясында театрға барудың арнайы ережелері әзірленді, олармен спектакльдерге барар алдында танысу қажет.

 

R-PRODUCTION ұсынады

 

 

04 | 06 | 2022

18.00

 

Петр Ильич Чайковский

Мариус Петипа мен Лев Ивановтың хореографиясы

либреттосы Владимир Бегичев пен Василий Гельцер

Абай атындағы МАОБТқойылымы

Қазақстан Республикасының халық әртісі - Гүлжан Түткібаевамен өзгертіліп жаңартылды

«АҚҚУ КӨЛІ»

 

"Өмір қуаныш пен қайғының кезектесуінен тұратында ғана сүйкімді болады,

жақсылық пен жамандықтың, жарық пен көлеңкенің күресінен, бір сөзбен айтқанда – бірліктегі сан алуандықтан"

Пётр Ильич Чайковский

«Аққу көлі» - премьерасы 1877 жылы наурызда Мәскеудегі Үлкен театр сахнасында өткен П.И. Чайковскийдің алғашқы балеті. Балеттің сюжеті фольклорлық мотивтерге құрылған, зұлым сиқыршы рыцарь Ротбарттың қарғысымен аққуға айналған сұлу Одетта ханшайымы туралы ескі неміс аңызына негізделген.

1877 жылы мәскеулік хореограф Рейзингер дайындаған алғашқы қойылым баспасөзде нашар сын жинап, іс жүзінде сәтсіздікке ұшырады. Балеттің екінші рет дүниеге келуі 1895 жылы Петербургте орын алды. Марқұм Чайковскийдің рухына тағзым ретінде партитура еске алынды. Бұл жолы музыка Императорлық театрлардың көрнекті хореографтары Мариус Петипа мен Лев Ивановтың талантты қолдарына түсті. Сирек кездесетін музыкалық дарыны бар Иванов атақты көлдегі «аққу» көріністерін – тағдырмен шайқастың «симфониялық» суреттерін, сиқырлы сұлулық пен элегиялық тартымдылыққа толы бейнелерде қойды. Хореограф сахналық аққуларға қазіргі заманға жақын - қауырсындары жабыстырылған бутафорлық қанатсыз келбет берді. Оның орнына ол «қол билерін» енгізді. Балетте Одетта мен Зигфрид дуэті, әйгілі кішкентай аққулар Биі пайда болды. Егіз аққу тақырыбына, аңқаулықтың арамдықпен мәңгілік тартысы мен жанның адалдыққа сыналуына негізделген қойылым балет өнерінде бұрын-соңды көрмеген жанның психологиялық тереңдігін ашады.

Абай атындағы опера және балет театрында П.И. Чайковскийдің «Аққу көлі» балеті ондаған жылдар бойы көрсетіліп, жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленіп отыр. Бұл балетті 1938 жылы қазақ балет мектебінің негізін салушылардың бірі А.А.Александров қойған. Содан кейін балет Юрий Павлович Ковалев пен Татьяна Конюстің өңдеуінен өтті. Көп жылдар бойы Владимир Иванович Бурцевтің қойылымы өтіп жатты. 2016 жылдың қараша айынан бастап Қазақстан Республикасының халық артисі Гүлжан Түткебаеваның редакторлығымен қойылымның жаңа тарауы ашылды, оның музыка жетекшісі болып ҚР еңбек сіңірген қайраткері Асқар Бөрібаев, ал сценографиясы мен костюмдерін жасауға Ресейдің халық артисі, Ресей және Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Вячеслав Окунев тартылды.

 

 

 

 

билетті сатып алу

Қатысушылар мен орындаушылар:

Солистами выступит ведущая балетная пара Европы,

Ведущие солисты словацкого национального театр оперы и балета. Лауреаты золотой медали Корейского международного конкурса артистов балета (Сеул) Лауреаты золотой медали Австрийского международного конкурса в городе (Вена); Обладатели приза «Душа танца» в номинации «Звезда» (Москва)

 

 

Одетта, аққулар ханшайымы (Одиллия, Одеттаның егізі ) - Ольга Челанова

Зигфрид ханзада - Константин Коротков

 

 

Ротбарт, жауыз данышпан - Амир Жексенбек

Сайқымазақ - Арнур Тусупбеков

Неаполитан қалыңдығы - Акбота Бекболатова | алғашқы орындауы

Венгер қалыңдығы - Динара Ауельбек 

Поляк қалыңдығы - Риза Таганова  

Орыс қалыңдығы - Акбота Бекболатова

Па-де-труа - Гульбаршин Касаболат, Богдан Вербовой, Акбота Бекболатова | алғашқы орындауы

 

 

*Театр орындаушылар құрамына өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады

 

Ханзаданың достары, сарай қызметшілері, ханымдар және ханшайымның айналасы, атқосшылар, ауыл тұрғындары, қызметшілер, аққулар

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының симфониялық оркестрі 

Дирижері – Ерболат Ахмедьяров, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, театры бас дирижері

 

 

 

Қойылымдық топ:

Бас балетмейстер – Гулжан Түткібаева, ҚР Халық артисі

Музыкалық жетекші – Асқар Бөрібаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Сценограф және костюмдер бойынша суретші Вячеслав Окунев, Ресей халық суретшісі,

РФ және ҚР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты

Жарық түсіру бойынша суретші - Юлия Каракаева