КҮЙ АТАСЫ - ҚҰРМАНҒАЗЫ

26/04 - 19:00

Ұзақтығы: 1 30мин

ҚҰРМАНҒАЗЫ САҒЫРБАЙҰЛЫНА АРНАЛАДЫ

 

"КҮЙ АТАСЫ – ҚҰРМАНҒАЗЫ" АТТЫ КОНЦЕРТІ

 

   Кеш ұлт мә­де­ниетінің асыл қазынасына теңдессіз үлес қосқан, ұлы күйші-ком­по­зитор Құрманғазы Сағыр­байұлына арналады.

   Күй ұлтымыздың үні мен сөзі болған, халқымыз дү­ние­ге әкел­ген көр­кем құн­ды­­­лық­тардың шы­ңы. Ал, Құр­манғазы ұлттық мә­де­ниет пен музыканы әлемдік дең­гей­­ге шығар­ған өнер иесі. Хал­қы­­­мыз үшін күй мен Құр­манғазы есімі бір-бірі­мен ас­тасып кеткен ұғым. Ол ұлтымызға, елімізге ор­тақ, адамзат мәдениетінің та­ри­хын­­да өшпес із қалдырған тұлға.

   Кеште Құрманғазының рухын асқақтатып,тыңдаушының жігерін оятып, серпілдіретін танымал күйлері орындалады. Ол күйлер – тағдырдың талқысына, өмірдің қаталдығына музыка арқылы берілген жауап, жан шырылының белгісі.

   Ауқымды бағдарламада Ахмет және Ғазиза Жұбановтардың «Құрманғазы» операсынан ария мен дуэттер шырқалып, Базарбай Жұманиязовтың «Махамбет» операсынан ария, Нұрғиса Тілендиев, Дина Нұрпейісова, Евгений Брусиловскийдің шығармалары орындалады.

   «КҮЙ АТАСЫ - ҚҰРМАНҒАЗЫ» концерттік кеші арқылы Құрманғазы шығармашылығын кеңінен насихаттап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу; күй өнерінің дәстүрлері мен жетістіктерін жаңғырту және насихаттау; халықтың мәдени демалысы мен эстетикалық тәрбиесін, рухани және мәдени құндылықтармен дамыту көзделді.

 

билетті сатып алу

Қатысушылар мен орындаушылар:

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының Симфониялық оркестрі және жетекші солистері.

Дирижері - Нұржан Байбосынов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

 

Н. Тілендиев атындағы мемлекеттік академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар Сазы» оркестрі

Дирижері - Мүсілім Әмзе, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

 

Режиссер - Диана Акимбаева

 

* Театр әртістердің құрамын өзгерту құқығын өзіне қалдырады