
Адам тағдырының екі қыры- Бақыт ( Фортуна) пен Жазмыш (Рок) адам өмірінің айнасы сияқты. Бақыттың сүйіктілері әрқашанда Жазмыштың қаперінде болады.Егер адам Бақыттың оң көзіне ілінсе,осы мүмкіндіктен айырылмауға тырысуы керек.
Бақыттың сырт айналуы да мүмкін ғой.Адамның тағдыры -өзінің талдауына, қайратына, ақылына байланысты.
Қорқыныш пен қараңғылық билеген адамдар тобыры Бақытты өздеріне қаратуға тырысуда.Бірақ ол өзінің таңдауындағы адал жүректі адамды іздейді.Ол адамдарды өзінің қатал да қырағы назарымен бақылап,жаны таза жас жігітті таңдап, оған есік ашады.
Жазмышқа ерген тобыр оның таңдаған адамына бас салып,басып-жаншып түпсіз тұңғиыққа батыруға тырысады.Бақыт жігітті құтқарып,Көктем мен Махаббаттың тамаша әлеміне әкеледі.
Жас жігіт Флора мен Зефирдің патшалығында .Ол өзі сияқты жас та әдемі адамдардың ортасына келеді.Тағдыр оған сұлу қыздың таза да шынайы ыстық махаббатын сыйлайды.
Жазмыш та қарап қалмайды.Ол жас жігітті тура жолдан тайдырмақ болып, өзінің нөкерлерін жібереді.
Жас жігіттің алдынан өзі бұрын көріп-білмеген сиқырлы әлем ашылады.Жазмыштың жандайшаптары жігіттің әр қадамын аңдып, оған жаңа өмірді ұсынады.Ол шараптың дәмін татып, басы айналады. Құмар ойындардың қызығынан шыға алмайды. Жеңіл жүрісті әйелдер оның тұрақты серігіне айналды. Жас жігіт Жазмыштың адамдарының соңына ереді. Қараңғы түнек оны қойнына алады. Оның көз алдына өзін шын сүйген әдемі қыздың бейнесі келеді.Сол арудың сүйіспеншілігі ғана оған өмірдің тәттілігін, қуанышын сыйлағанын түсінген ол махаббатын қайтару үшін, қапастан шығуға тырысады.
Бірақ тым кеш екен... Ол Бақыттан көмек сұрайды, одан жауап жоқ.
Жаңа таңдауын іздеген Бақыттың соңынан ерген адамдар тобыры...
Бақыттың сыйлығын өмір бойы алып жүре алар ма екен,әлде басқа жолға түсе ме...