
Спектакль ХХ ғасырдың қиын да аянышты тағдырлы атақты балеринасы Ольга Спесивцеваға арналады.
Петроград. Бұрынғы император театрының балет класында классикалық би сабағы өтіп жатыр. Шәкірттеріне талабы күшті Ұстаз бишілердің арасынан өзінің әдемілік туралы ұғымына сәйкес келетін әдемі әрі тамаша биші қызды айрықша бағалайды.
Алтынмен қапталған көрермендер залы. Биші қыздың өнері көрермендердің көңілінен шығады. Биші өнеріне тәнтті жандардың арасында жаңа үкімет өкілі чекист те бар. Оған бишінің тамаша өнері ғана ұнап қоймай, сымбаты да қатты әсер қалдырады...
Чекист бишіні өзі араласатын революциялық топтың қатал да бейтаныс ортасына әкеледі. Ұстазының өсиетін ұмытқан биші де осы бір қара күштің мерекесінің кейіпкеріне айналады. Бірақ, ұстазы қалдырған рухани құндылықтардың әсері күйрету күшінен әлдеқайда жоғары болып, биші балет класына,ұстазға қайта оралады.
Театрда өз жолында кездескеннің бәрін жаншып –таптап өтетін қатал да қайырымсыз жаңа басшылар. Бишілер қызыл идеяның қолындағы тілсіз қаруына айналуы керек.
Ұстаздың айналасында болып жатқан оқиғалардан жаны түршігеді, бірақ қолынан келер қайраны жоқ.
Биші қыз бен Чекист арасындағы құштарлық пен жек көру,құмарлық пен түсініспеушілік арбасуда.
Чекист Биші қыздың Россиядан біржолата кетуге бел буған эмигранттардың қатарына қосылуына қарсы болмайды.
Париждің Гранд Опера театрының балет класы. Белгілі биші-хореограф дайындық өткізуде. Оның ұсынған би пластикасы Биші қыз үшін таныс болмаса да, шебердің шабытты өнері өзіне тартады. Екі бишінің ортақ өнері шексіз жетістіктер мен айтулы жеңістерге жол ашады.
Биші қыздың алып ұшқан сезіміне ол жауап бермейді,жауапсыз махаббат, жат жердегі жалғыздық жанын жаралап, күйзеліске ұшырайды.
Биші қыз думанды Париждің легіне еріп, бәрін ұмытқысы келеді. Бірақ өткен күндердің қорқынышты елестері маза бермейді, революцияның қызыл жалыны тыныштығын алып, Чекистің қорқынышты елесі есінен шықпайды.
Өзіне әлемдік даңқ әкелген,көрермендерін тебіренткен сүйікті ролі Жизель де өткенді ұмыттыра алмайды. Жизельдің тағдыры өзінің де тағдырына айналды. Ұлы бишінің науқас санасын өмір айнасы шырқ айналдырады, айнаның қарсы жағындағы ессіз әлем ғана өзін құтқаратын сияқты болып көрінеді....