АҚҚУ КӨЛІ

Петр Ильич Чайковский 

"АҚҚУ КӨЛІ"

Хореографиясы Мариус Петип және Лев Иванов

Либреттосы Владимир Бегичев және Василий Гельцер

Абай атындағы ҚазҰОБТ жаңартылған қойылымы қайта түзетілген – ҚР халық әртісі – Гүлжан Түткібаева

 

2 актілі балет

Спектакль бір-ақ үзіліспен жүреді

Ұзақтығы: 2 сағат 30 минут

Жас санаты: 7+

 

 

Қатысушылар:

Одетта, ханшайым

Одилия, Одеттаның егізі

Ханзада Зигфрид

Ротбарт, зұлым данышпан

Сайқымазақ

Неаполитан калыңдығы

Венгер калыңдығы

Поляк калыңдығы

Орыс калыңдығы

Па-де-труа

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының симфониялық оркестрі және балеті

 

Қойылымдық топ:

Қоюшы-хореограф – Гүлжан Түткібаева, ҚР халық әртісі

Музыкалық жетекші – Ерболат Ахмедьяров, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Сценограф және костюм суретшісі – Вячеслав Окунев, РФ халық әртісі, РФ мен ҚР мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты

Суретші-жарықтандырушы - Юлия Каракаева

История

"Өмір қуаныш пен қайғының кезектесуінен тұратында ғана сүйкімді болады,

жақсылық пен жамандықтың, жарық пен көлеңкенің күресінен, бір сөзбен айтқанда – бірліктегі сан алуандықтан"

Пётр Ильич Чайковский

 

 

   «Аққу көлі» - премьерасы 1877 жылы наурызда Мәскеудегі Үлкен театр сахнасында өткен П. И. Чайковскийдің алғашқы балеті. Балеттің сюжеті фольклорлық мотивтерге құрылған, зұлым сиқыршы рыцарь Ротбарттың қарғысымен аққуға айналған сұлу Одетта ханшайымы туралы ескі неміс аңызына негізделген.

   1877 жылы мәскеулік хореограф Рейзингер дайындаған алғашқы қойылым баспасөзде нашар сын жинап, іс жүзінде сәтсіздікке ұшырады. Балеттің екінші рет дүниеге келуі 1895 жылы Петербургте орын алды. Марқұм Чайковскийдің рухына тағзым ретінде партитура еске алынды. Бұл жолы музыка Императорлық театрлардың көрнекті хореографтары Мариус Петипа мен Лев Ивановтың талантты қолдарына түсті. Сирек кездесетін музыкалық дарыны бар Иванов атақты көлдегі «аққу» көріністерін – тағдырмен шайқастың «симфониялық» суреттерін, сиқырлы сұлулық пен элегиялық тартымдылыққа толы бейнелерде қойды. Хореограф сахналық аққуларға қазіргі заманға жақын - қауырсындары жабыстырылған бутафорлық қанатсыз келбет берді. Оның орнына ол «қол билерін» енгізді. Балетте Одетта мен Зигфрид дуэті, әйгілі кішкентай аққулар Биі пайда болды. Егіз аққу тақырыбына, аңқаулықтың арамдықпен мәңгілік тартысы мен жанның адалдыққа сыналуына негізделген қойылым балет өнерінде бұрын-соңды көрмеген жанның психологиялық тереңдігін ашады.

   Абай атындағы опера және балет театрында П. И. Чайковскийдің «Аққу көлі» балеті ондаған жылдар бойы көрсетіліп, жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленіп отыр. Бұл балетті 1938 жылы қазақ балет мектебінің негізін салушылардың бірі А. А. Александров қойған. Содан кейін балет Юрий Павлович Ковалев пен Татьяна Конюстің өңдеуінен өтті. Көп жылдар бойы Владимир Иванович Бурцевтің қойылымы өтіп жатты. 2016 жылдың қараша айынан бастап Қазақстан Республикасының халық артисі Гүлжан Түткібаеваның редакторлығымен қойылымның жаңа тарауы ашылды, оның музыка жетекшісі болып ҚР еңбек сіңірген қайраткері Асқар Бөрібаев, ал сценографиясы мен костюмдерін жасауға Ресейдің халық артисі, Ресей және Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Вячеслав Окунев тартылды.