ЩЕЛКУНЧИК

П.И.Чайковский

 

"ЩЕЛКУНЧИК"

 

2 бөлімді балет

Э. Гоффманның ертегісі желісінде

Ресейдің еңбек сіңірген әртісі В. Вайноненнің либреттосы және хореографиясы

Қазақстан Республикасының халық әртісі Г.Түткібаеваның редакциясында

 

Ұзақтығы: 2 сағат

Жас санаты: 5+ | спектакль балалар аудиториясына ұсынылады

 

Қатысушылар:

 

Клара

Щелкунчик-ханзада

ДроссельмайерКлараның құдай әкесі

Зильберхаусы, үйдің иелері

Франц, Клараның інісі

Тышқандар патшасы

Арлекин

Коломбина

Арап

Шоколад (Испан биі) 

Кофе (Шығыс биі) 

Чай (Қытай биі) 

Орыс биі «Трепак»

Бақташылар биі 

 

Ханымдар, мырзалар, балалар, тышқандар, сарбаздар, снежинкалар, гүлдер

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының симфониялық оркестрі, хор және балеті

 

Қойылымдық топ:

Бас балетмейстер – Гүлжан Түткібаева, ҚР халық әртісі

Қоюшы-дирижері – Ерболат Ахмедьяров, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Суретшісі – Вячеслав Окунев, Ресей халық суретшісі, РФ және ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері (Ресей)

Мультимедиа суретшісі – Виктория Злотникова (Ресей)

Бас хормейстер – Алия Темірбекова

История

Спектакльдің тұсаукесері 2015 жылдың желтоқсан айында Абай атындағы ҚазҰТОБ-да өтті

 

М. Петиптің либреттосына жазылған П. И. Чайковскийдің «Щелкунчик» екі бөлімді балетін композитор 1892 жылдың басында аяқтады.«Щелкунчиктің» музыкасы алғаш рет 1892 жылы 7 наурызында Петербургтың (ОМҚ) Орыс музыка қоғамының симфониялықконцерттерінің бірінде ойналды.Композитордың ағасының айтуынша «жаңа шығарма сәтті болды. Сюитаның алты нөмірінің бесеуі тыңдармандардың бірауыздансұрауымен қайта ойналды».Петербург қаласындағы Мариин театрының сахнасында 1892 жылы 6-шы желтоқсанда балеттің театралдық премьерасы жоғары деңгейдеөтті.«Щелкунчиктің» партитурасы музыка мәдениетіне Чайковскийдің мұрасындағы ең асылдарының бірден-бірі ретінде кірді. Оныңтәжірибелі симфониялық өнері мен музыкалық драматургиясының жақсы жақтары классикалық айқындығымен толықтай бірікті.Біздің театрымызда «Щелкунчик балеті» В.Вайноненнің қойылымында көптеген жылдар бойы жүріп келеді және әрдайым көрермендердіңқызығушылығына бөленуде. Қазақстан Республикасының Халық артисі Гүлжан Түткібаева мен суретші Вячеслав Окуневтің жаңа балетқойылымында сценографиялық жаңа технологияларды қолдану және балеттің мағынасын жаңаша көзқараспен түсіндіру ойластырылған.