Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының симфониялық оркестрі, хоры және балеті
Қойылымдық топ:
Қоюшы-режиссері - МУРАТ ШАЛАБАЕВ, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
Режиссердің ассистенті - НАТАЛЬЯ КАГАДИЙ
Суретшілер - ПАВЕЛ ДРАГУНОВ, СОФЬЯ ТАСМАГАМБЕТОВА
Балетмейстер - ГҮЛЖАН ТҮТКЕБАЕВА, Қазақстан Республикасының халық әртісі
Хормейстер - ӘЛИЯ ТЕМІРБЕКОВА
Айлы түн. Ашық аспан астындағы қос ғашық Серке мен Айсұлудың сырласуы. Айсұлу сүйген жігіті Серкеге арулар байқауына қатысуға шақырту алғанын хабарлайды. Айсұлудың арманы актриса болу. Ал бұл байқау оның өнердегі өрісінің алғашғы баспалдағы болмақ. Бойына қызғаныш сезімі ұялаған Серке Айсұлудың бұл шешімін құптамайды. Қос ғашық бір-бірімен түсінісе алмай, ренжісіп қалады. Айсұлу сұлулық байқауына қатысу үшін жолға шығады.
Келесі бейне – фильмді түсіру алаңында жалғасады. Түсірілім тобы би сахнасын түсіріп болған соң үзіліске шығады. Сахнада қолында гүлі бар Айсұлуды (Нұрсұлуды) іздеп жүрген Әубәкір, режиссер көмекшісі Гүлшарадан Айсұлудың ұялы телефонының нөмірін сұрайды. Гүлшара Айсұлудың ұялы телефонының нөмірі жоқ болғасын гример құрбысының нөмірін береді. Құрбысының ұялы телефонын көтерген Айсұлу, Әубәкірдің Айсұлумен (Нұрсұлумен)сөйлескісі келетінін және оны Серкенің жібергенін естіп түкке түсінбей аң-таң болады. Кенет бір шеттен шыға келген Хасен , Айсұлудан Айсұлуды (Жансұлуды) іздеп жүргенін және оны Серкенің жібергенін айтып жөн сұрайды. Айсұлумен сөздері жараспаған Хасен сахнадан жүгіріп шығып кетеді. Әубәкір және Хасенмен болған әңгімеден кейін, Айсұлудың жан-дүниесі құлазиды. Айсұлудың жаны жабырқап, Серкенің сыртынан жасаған оспадар қылығын түсіне алмайды.