ЕВГЕНИЙ ОНЕГИН

П. И. Чайковский

 

«Евгений Онегин»

 

2- бөлімді лирикалық көріністер

П. И. Чайковскийдің және К. Шиловскийдің либреттосы

А. С. Пушкиннің өлең жолдарымен жазылған романымен аттас

 

Қатысушылар:

Евгений Онегин

Владимир Ленский

Ларина, ірі жер иеленуші әйел 

Татьяна Ларина

Ольга Ларина

Филиппьевна, бала күтуші 

Князь Гремин

Ротный

Зарецкий

Трике, француз

Ән бастаушы

 

Шаруалар, жер иелері, кеш қонақтары, офицерлер

 

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының симфониялық оркестрі, хоры және балеті

 

Қойылымдық топ:

 

Қоюшы-дирижер, Абай атындағы МАОБТ-нің бас дирижері - Қанат Омаров

Қоюшы-режиссер - Ирина Лычагина (Ресей)

Қоюшы-суретші - Карина Автандилова (Ресей)

Жарық бойынша суретші - Кевин Вин-Джонс (Швеция)

Видео-суретші - Инета Сипунова (Латвия)

Режиссер көмекшісі - Наталья Кагадий

Хормейстер - Әлия Темрбекова

 

История

   Петр Ильич Чайковскийдің ең танымал және мәндіопераларының бірі «Евгений Онегин» болып есептеледі.

 

   Пушкин-Чайковский жауһары «Евгений Онегин»140 жылдан астам уақыт өзінің жоғарғы репертуарлықатағын сақтап келеді.

 

   Александр Сергеевич Пушкиннің сюжетіне операжазу туралы бастапқы идея Чайковскийдің өзіне келген жоқ. Сол заманның танымал опера әншісі – Елизавета Андреевна Лавровская композиторға пушкиндік романның сюжетінежүгінуді ойға салады, ал оның талантын Чайковский шексізқұрметтейтін. Әуелде бұл идея Чайковскийдің назарынаудармайды, алайда Пушкин туындысының шумақтарынашомған сайын, ол ішкі құштарлығының жетегінен шығаалмай, аталмыш материалмен жұмыс жасауды ұйғарады.

 

«Пусть моя опера будет не сценична, пусть в неймало действия, — но я влюблен в образ Татьяны, я очарованстихами Пушкина и пишу на них му-зыку потому, что меня кэтому тянет», деп жазған П.И. Чайковский. Композитордыңдәл осы қызба әрі ынтық құмарлығы операға шынайытабиғилықтың ерекше әсері мен көріністің балғын және жылылебін береді. «Евгений Онегин» операсы композитордыңдамуында өзінің толыққанды шығармашылық жетілуініңбелгісі болып табылады.

 

   Әдеттегі жиі орын алатын жағдай бойыншакомпозитор операны жазу барысында сахнаның үгіттейтінөзіндік заңдарымен соқтығысып, ақынның түпнұсқа мәтінін өзгертуге мәжбүр болады. Опералық либреттоны жазу барысында композитор айтарлықтайтапқырлық жасады: біріншіден, романда атвордың тарапынан айтылатын айқын пушкиндіксипаттамаларды композитор кейіпкерлердің ішкі жандүниесінің күйзелісін жеткізу үшін,олардың өздеріне тапсырды; екіншіден ол Пушкиннің өлеңдерін басқа өлеңдермен де, соныңішінде өзінікімен ұштастыруды ойластырады. Осының барлығы мінсіз операның туындауынасебепші болды. Операдағы басты бейнелер - шынайы адамдар және олардың шынайы өмірі.

 

   «Евгений Онегин» опрасының премьералық қойылымы Мәскеуде Кіші театрсахнасында 17 наурызда 1879 жылы Мәскеу консерваториясының студенттерімен және камералықсипатта өткені тарихи мәлім. Оркестр 32 инструменталистен, хор 48 оқушыдан құралған.«Лирикалық сахналарды» Николай Рубинштейн дирижерлеген (Мәскеу консерваториясыныңнегізін қалаушы және тұңғыш директоры), режиссері Иван Самарин (театр актері), хормейстеріКарл Альбрехт болған. Сәл кейінірек, Мәскеудегі Үлкен театр және Петербордағы Мариинтеатрының сахнасы үшін Чайковский «лирикалық сахналарды» «үлкен операға» айналдырып,басқа нұсқасын жасады.

 

     Осылайша, композитордың көзі тірісінде-ақ операның екі нұсқасы туындаған.Біріншісі – авторлық мәскеулік нұсқа, онда Чайковский пушкиндік романнан айтарлықтайауытқып, қорытынды көріністе Татьяна Онегиннің құшағына енеді! Екіншісі, кешірек шыққан– петерборлық нұсқа, Татьяна Онегиннің сезімінен бас тартып, бар операның мәнін түсіндіруүшін келесі өлең жолдарын орындайды: «Берілгенім басқа жанға; Айнымаймын һеш заманда...».Екі астаналық нұсқа композитордың «Евгений Онегиннің» сахналық көрсетіліміне деген атақтыеркіндігін көрсетеді, сондай-ақ заманауи қойылымдарға одан әрмен өршітуге мүмкіндік береді.

 

   Операның сахналық тағдыры керемет сәтті шыққан. Композитордың тірі кезінде операРесей мен Еуропаның ең танымал сахналарында сомдалып, жеке труппаларда танымалдылыққаие болған, оқушылық және үй спектакльдері түрінде де қойылған.

 

   Абай ат. Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының сахнасында «Евгений Онегин» операсының алғашқы қойылымы 1935 жылы орын алған. Татьяна бейнесіналғаш сомдаушлардың бірі аңызға айналған Күләш Байсейітова болды. Опера қазақ тіліндеорындалды. Мәтіннің негізінде пушкиндік поэманы қазақ тіліне аударған әйгілі ақын, ағартушы,жазушы, ұлттық әдебиеттің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың аудармасы болды.

 

   1946 жылы опера орыс тілінде қойылды. Бас партияны Күләш Байсейітова мен РишатАбдуллин орындады. Сол кезден бастап, опера әрдайым театр репертуарында. Түрлі жылдардабас партияларды орындаған әртістер: Мүсілім Абдуллин, Байғали Досымжанов, Юрий Якунин,Василий Яковенко, Эра Епанешникова, Кеңес Бақтаев, Нина Радченко, Виталий Орленин, РозаЖаманова, Ғафиз Есімов, Сұлтан Байсұлтанов, Ермек Серкебаев және Әлібек Дінішев.

 

П. И. Чайковский

«Евгений Онегин»

 

   Байырғы уақыттан бері көпшілік Пушкиннің «Евгений Онегин» атты өлең түріндегіроманын «орыс өмірінің энциклопедиясы» деп атап кеткен. Шынында да, ол ХІХ ғасырбасындағы тіршілікке деген көзқарастың, сезім мен құбылыстың мағыналы әрі жан-жақтыбейнесі. Бірақ туындының шыққан сәтінен бастап, ол туралы талай дүние айтылды, жазылды,ойлап табылды және сахналанды, осының салдарынан аллюзияның көшкіні, стереотиптерімен әсерлері ұзақ уақыт бойы Пушкиннің кристалдық мөлдірлігін бөтен түсініктер менидеялардың астына көміп қойды. Мұқият оқырманның бастапқы мағыналарға жетуі үшін,алып күш салуы қажет. Ал, операға келер болсақ, жағдай одан да бетер. Чайковскийдің шығармасы «оқиға желісінде» жазылып, роман қондырмасына айналды, соныменқоса танымалдылығына қарай орыс өнерінің парадигмасында ортақ орынға ие болып, уылдырық, арақ, аюлар және балалайкамен қатар қажетті «туристік жиынтыққа» енді. 150жыл бойы «Евгений Онегинге» жармасқан бұл әсемдік, музыкалық шығармашылықтыңшынайы құндылықтарын мүлде талап етпейді. Бөгде адамдардың түйсігімен жаншылмаған,өз түсінігіне талпынып, осы музыканы «алғаш рет» тыңдау үшін, романды оқығаннан даартық жігер жұмсалуы тиіс.

 

   Көрермендер мен тыңдармандарға біздің спектаклімізден жалған тарихи ақиқатқаұқсастықты күтудің қажеті жоқ. Бізді шындыққа жанама емес, шындықтың өзі қызықтырады,адам сезімінің шынайылығы Станиславский айтып кеткен «адам жанының өмірі»: кейіпкерлердің ішкі әлемі «олардың жанының қозғалысы», операның негізгі мазмұныдәл осы «жанның қозғалысында», келіспеушілікте, сезінбеушілікте, түсініспеушілікте,бұлар – ондағы шиеленістің негізгі құрамдары. Осы тәрізді баяндамаға жанрды өзгерткенкомпозитордың өзі рұқсат беріп тұр, «роман» - жан-жақты қамтылған, пәлсапалық, көбінекамералықты жалпылайтын «лирикалық сахналар». Жанрды ауыстырудан бөлек, Чайковскийуақытты да ауыстырады. Ресми түрде емес, бірақ, мәні бойынша Пушкин кейіпкерлерініңоқиғасы Чайковскийдің шығармасында басқа дәуірге өтеді. Пушкин өз романын 1825 жылы,ал Чайковский «Онегин» шығармасын 1878 жылы аяқтады. Композитор оқиға ХІХ ғасырдың 20-жылдарында орын алды деп белгілеген, алайда, әрине ол кейіпкерлеріне мүлдебасқа уақытты сезіндірген, «Достоевскийдің» және өзінің уақытын, яғни – ХІХ ғасырдыңсоңғы үшінші бөлігі. Оның үстіне композитордың жеке өміріндегі оқиға, оның Антонина Милюковаға сәтсіз әрі оғаш үйленуі опера музыкасына шүбәсіз әсер еткен.

 

   Біз Пушкиннің романымен емес, Чайковскийдің операсымен істес болыпотырмыз, ол өте сезімтал, бір мезгілде күйгелек, онда пушкиндік уақыттың мөлдір үйлесіміғасырдың соңындағы ызалықтың жарқылымен, бақытсыздық пен өзгерістердің алдын-алаескертулерімен алмастырылады.

 

   Үйлеспеушілік, түсініспеушілік, босқа дәмелену – міне «Евгений Онегин» музыкасы қамтығанішкі жан дүниенің қимыл-қозғалысы осы. «...солай болып қалды, «Онегин» театр сахнасындақызықты болмайды. Сол себептен де, операның бірінші талабы – сахналық қозғалыс депесептейтіндер туындымен қанғаттанбайды. Трагедиялықтан, театрлықтан алшақ, кәдімгі,қарапайым, әмбебап адамдық сезімдерден музыкалық шығармаларды іздестіруге қабілеттіадамдар менің операммен қанағаттануы мүмкін (деп үміттенемін). Бір сөзбен айтқанда, олшынайылықпен жазылған, осы шынайылыққа бар үмітімді артамын», - деп Чайковский өзоперасы туралы осылай жазған, ол мезетте опера жазылып болып, оркестрге лайықталыпжатқан болатын. Автордың шынайылыққа деген ұмтылысы «Онегинді» тұңғыш рет орындауғаимператорлық труппаға емес, консерватория студенттеріне беруі болып табылады, себебіол театрлық жасандылықтан қатты қорықты.

 

   Чайковскийдің операсы – ең алдымен Татьянаның өмірі. Композитор операныжазып бастағаннан кейінгі алғашқы хатында: «Мен Татьянаның образына ғашықпын»,- депжазған. Чайковский кейіпкердің образын кіршіксіз тазалықпен толықтырған, «Татьянаның хатында» кейіпкердің тек шындықты айтуы, айқындығы операның шарықтау шегінеайналады.

 

   «Татьяна, астаналық кербезге ғашық болып қалған жәй ғана ауыл бойжеткеніемес. Ол – әйел сұлулығының пәктігін бойына жинаған, шынайы өмірдің ұшы тимегенқыздың кіршіксіз көңілі; бұл өз идеалын елессіз және ынтыға іздейтін, арманшыл болмыс.Идеалы ойындағысына сәйкес келмегендіктен ол қанғаттанбайды, бірақ сабырлықтанытады. Дөрекі әрі ауылдық бейнеге мүлдем ұқсамайтын, өзгеше сипаттағы азаматпайда болынша, ол оны менің идеалым деп елестетіп, өзін-өзі ұмыта құштар болады.Пушкин қыз махаббатының күш-қуатын тамаша даналықпен бейнелеген, мен балакүнімнен бастап, Онегиннің пайда болғаннан кейінгі Татьянаның асқан поэзиялығынашын жүрегіммен толғандым».

(П.И. Чайковский).

 

   Хаттың 15 минуттық музыкалық үзіндісінде Татьяна асқан адами сезімдерді бастанкешіреді, оның өмірі төңкеріске ұшырап, әйел затының есею кезеңінен өтеді, кейбір адамдарбұл кезеңнен өту үшін жылдарды қажет етеді. Мұндай сәттерде адам керемет жанқиярлыққақабілетті, ол Онегинге хат жазу фактісі болып табылады. Осынау эмоционалдық шарықтауды,жан-тәнімен берілуді ол енді ешқашан басынан кешірмейді.

«Әуелде кірдің түсіме,

Ортақтасып өміріме.

Толғау салып ішіме,

Сол күнде-ақ жақтың көңіліме...». Татьяна ғашықтық хатына бай қиялмен және французромандарынан туындаған бар үмітін, жан құштарлығы мен махаббатын салған. Ол шынай Онегинді танымады, тануға ұмтылмады және танығысы да келмеді, алды-артына қарамастанөз көрінісі мен үмітін іске асыруға ұмтылды.

 

   Операның басқа да кейіпкерлері үндестігімен де, байсалдылығымен деерекшеленбейді. Барлығы дерлік күйгелек қалыпта: Ольга, Ленский, Ларина, Няня Филиппьевна. Әр қайсысының өз себебі бар: бірінің арманы орындалмаса, енді біріндеол да жоқ, өмірден мүлдем түңілген. Тек Татьянаға ғана алдын ала сезінушіліктен бастап,басқаша ойлауға, өзімен қоса өзгені де түсіне білетін қыз баладан кемелденген әйелгедейін толық өзгеруді бастан кешіру бұйырған. Тегінде, Татьянаның оқиғасы операның басқакейіпкерлері секілді уақыттан, заманнан тыс. Бұл жай ғана адам өмірінің тарихы.Көрермендер залында отырған әрбір адам бұл оқиғадан өзін кезіктіре алады, Чайковскийдің«Евгений Онегин» атты заман айнасында әр буын әр қалай көрінеді. Бүгінгі көрермендермен тыңдармандар «Онегиннен» тек өзіне ғана тән әлдебір жақындықты таба алады.

Ирина Лычагина (қоюшы-режиссер, Ресей)