
3-бөлімді опера П.И. Чайковский
Либреттосы М.И. Чайковскийдікі
Оқиға ХVIII ғасырдың аяғында Петербургта өрбиді .
Петербург. Күннің шуағы төгілген жаздық бақтың саяжолында серуендеп жүргендер көп, бала бағушылар мен тәрбиелеушілердің қарамағында балалар ойнап жур. Сурин мен Чекалинский өздерінің танысы Германн жайлы әңгімелесіп отыр. Ол түні бойы жабыңқы көңіл күйде, қарталарды қолына да алмай , үн-түнсіз ойын үйінде өткізеді. Германның оғаш қылығына граф Томский де таңырқайды. Германн оған сырын ашады: ол бір әдемі бейтаныс қызға ғашық, бірақ ол дәулетті және ақсүйек. Оның теңі емес. Достардың әңгімесіне Елецкий қосылады. Ол өзінің жақын арада үйленетіндігін айтады. Кәрі графиняға ілесіп Лиза –Елецскийдің қалыңдығы келеді. Германның түнеріңкі тұлғасын, құштарлықтан жалындаған назарын көргенде графиня мен Лизаны қорқыныш сезім билейді. Жағымсыз ойды Томский бұзады. Ол графиня жайлы күлкілі әзіл айтады. Бір кездері жастық шағында ол Парижда бар дәулетін ұттырып алған болатын. Жас сұлу қыз махаббаттық кездесу құнымен үш картаның құпиясын біліп және сол карталарды ойынға салып, өзінің ұтылысын қайтарып алған. Сурин мен Чекалинский Германнға қалжындап, оған кемпірден үш картаның құпиясын біліп алуды ұсынады. Бірақ Германның ойы Лизада. Найзағай күркірейді. Құштарлық қызулығымен Германнн Лизаның махабатына қол жеткізетінін немесе өлетінін айтып ант береді.
Лизаның бөлмесі. Қараңғы түсе бастайды. Қыздар орыс биімен көңілі түскен құрбысының көңілін аулайды. Жалғыз қалған Лиза түнге өзінің Германнды жақсы көретініндігі жайлы сырын айтады. Күтпеген жерден балконнан Германн кіріп келеді. Ол Лизаға ынтық сезімін білдіреді. Кездесулерін есікті қаққан дыбыс бұзады. Кәрі графиня кіреді. Қалың перденің артына тығылған Германн үш картаның құпиясын есіне түсіреді. Графиня кеткен соң Германның өмірге, махаббатқа деген сезімі жаңа күшпен оянады. Лизаның бойын жауапты сезім билейді.
Қалалық бай шенеуніктің үйінде бал-маскарад болып жатыр. Қалыңдығының салқындығына мазасызданған князь Елецкий, Лизаны өзінің махаббаты мен адалдығына сендіреді. Қонақтардың арасында Германн да бар. Чекалинский мен Сурин жолдастарын тағы да әзілдің астына алады. Олардың сиқырлы карта туралы әзілдеуі оның қиялына қатты әсер етеді. «Бақташы әйелдің шынайылығы» пасторалі қойылымы басталады. Қойылым бітісімен Германн қарт графинямен кездесіп қалады; байлықты уәделендіретін осы үш карта туралы ой Германды қайта мазалайды. Лизадан жасырын есіктің кілтін алып, кемпірден құпияны біліп алуды шешеді.
Түн. Графиняның бос жатын бөлмесі. Герман кіреді, ол графиняның жас кезіндегі портретіне жақын келіп үңіледі, бірақ жақындап келе жатқан қадамдарды естіп жасырынады. Қызметшілерімен бірге графиня қайтып келеді. Балға көңілі толмаған графиня өткен өмірін есіне түсіріп, ұйқыға кетеді. Күтпеген жерден қасына Германн келеді. Ол үш картаның құпиясын ашуын өтінеді. Бірақ қарт графиня ештеңе айтпайды. Германның ашуы келіп, оны тапаншамен қорқытпақшы болады, зәресі ұшқан кемпір талып құлайды. Германн уайымға салынады. Есінен адасуға жақын қалған ол, шуды естіп келген Лизаның айыптауын да естіп жатқан жоқ. Оның ойында тек графиняның өлгені, ал ол құпияны сол қалпы біле алмады.
Казармадағы Германның бөлмесі. Кеш уақыт. Германн ойға шомып, Лизаның хатын қайта оқып отыр. Хатта ол түнжарымда кездесуге келуін өтінеді. Германн болған оқиғаны есіне түсіріп қамығады, кемпірдің өлімі мен жерленгені көз алдынан кетпейді. Оған желдің гуілінен өлген адамға оқытылатын дұға естіледі. Германды қорқыныш билейді. Ол бір жаққа қашқысы келеді, бірақ графиняның елесі көрінеді. Кемпір құпия карталарды атайды: «Үштік, жетілік, тұз». Германн оларды сандырақтап қайталай береді.
Қыстық жырашық. Лиза Германмен осында кездесуі керек. Ол сүйіктісінің графиняның өліміне қатысы жоғына сенгісі келеді. Мұнара сағаты түн жарымда соғады. Лиза соңғы үмітін жоғалтады. Ақыры Германн келеді. Санасын құмартпа ұтыс билеген ол Лизаның айтқан махаббат сөздерін қайталай береді. Германның байланыссыз сөздерін естіп, Лиза кемпірді оның өлтіргеніне көзі жетеді. Есінен адасып Германн Лизаны итеріп жіберіп: «Ойын үйіне бару керек!» деп ойын үйіне бет алады. Лиза ашынып суға секіреді.
Ойын үйі. Ойын жүріп жатыр. Герман графиня айтқан екі картаны бірінен соң бірін ойынға қойып, жеңеді. Бәрі таңырқайды. Ұтысымен рахаттанған Германн картаға бар ұтысын қояды. Бұл ойынға қарсы Елецкий отырады. Германн қолында тұз екенін айтады, бірақ қолында тұздың орнына қарға бикеш шығады. Көзіне қан толып ашуланған Германн картаға қайта қарайды, онда графиняның арам күлкісін көреді. Ессіз булығып, ол өз-өзіне қол салады. Өлер алдында Германнға Лизаның жарқын бейнесі көз алдына келеді. Оның атын атаған күйі ол көз жұмады.