ТРАВИАТА

Джузеппе Верди
Травиата
А. Дюма (ұлы) «Дама с камелиями» драмасы бойынша
Либреттосы Ф. Пиаве
Екі актілі опера
Спектакльде бір үзіліс бар

Ұзақтығы: 2 сағат 20 минут

Жас санаты: 10+

Опера итальян тілінде, қазақ және орыс тілдеріндегі синхронды субтитрлердің сүйемелдеуімен орындалады

 

 

Қатысушылар:

Виолетта Валери (сопрано)

Флора Бервуа (меццо-сопрано)

Аннина (сопрано)

Альфред Жермон (тенор)

Жорж Жермон, әкесі (баритон)

Гастон, виконт де Леторьер (тенор)

Барон Дуфоль (баритон)

Маркиз д’ Обиньи (бас)

Доктор Гренвиль (бас)

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының симфониялық оркестрі, хор және балеті

 

 

Қойылымдық топ:

Режиссер – Ляйлим Имангазина, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Суретші– Вячеслав Окунев, Ресейдің халық әртісі, РФ мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты

Бас хормейстер – Алия Темирбекова

Бас балетмейстер – Гульжан Туткибаева, ҚР халық әртісі

История

I Бөлім

 

Альфред Жермон атақты куртизанка Виолетта Валеридің үйінде болып жатқан сауық кешке келеді. Виолеттаның жақында сырқаттанғанын естіп Альфредтің уайымдағаны оны таңғалдырды. Альфред махаббат үшін тост айтып, Виолетта да жауап ретінде жақсы өмір мен көңіл көтеру үшін тост көтереді. Өзін әлсіз сезініп, ол тынығуға кетеді. Альфред оның соңынан барып, өз сезімін білдіреді. Ол оның қамқорлығына мұқтаж емес екендігін айтып, бірақ келесі күні кездесуге шақырады. Оңаша қалғанда нағыз махаббат сезіміне бөлене алам ба деген сұрақ Виолеттаны ойландырып толғандырады. Бұл ойының мағынасыз екенін түсінген ол, енді құмарлыққа толы еркін өмірін жалғастыруды шешеді.

Виолетта Альфред үшін үйреншікті париждік өмірінен бас тартады. Қала сыртындағы рахат өмірін қамтамасыз ету үшін Виолетта мүліктерін сатып жатқанын естіген Альфред қарыздарын өтеу үшін асығыс Парижге аттанып кетеді. Альфред жоқта оның әкесі Жорж Жермон Виолеттаға келеді. Ол баласының Виолеттаға бүкіл жинаған қазына мүлкін беруді шешкендігін жеткізеді. Виолетта үлкен Жермонға мұндай сыйды ешқашан қабылдамайтындығын және Альфред екеуінің жақсы өмір сүруіне өзінің жеке мүлкін сататынын айтады. Оның бұл батыл әрекеті Жермонды таңқалдырады, бірақ оның ұлымен ара-қатынасы қызының болашағына балта шабатындығын айтып, қарым-қатынасының үзуін өтінеді. Ақырында Виолетта көнеді, бірақ оның өлімінен кейін Жермон баласына шындықты айтуын сұрайды. Альфред Виолеттаның енді оны сүймейтіндігі туралы жазылған хатты оқып, қатты күйзеледі.

II Бөлім

Виолетта сауық кешке өзінің жаңа қамқоршысы, барон Дюфольмен келеді. Ерлер карта ойнау үстінде, Альфред ойында ұтады. Виолетта Альфредті оңаша шақырып алып, кештен кетуін өтінеді. Бірақ ол Виолеттаны тыңдағысы келмейді және баронды дуэльге шақыратындығын айтады. Үлкен Жермонға берген сөзінде тұру үшін, Виолетта баронды жақсы көретінін айтып Альфредті сендіргісі келеді. Қатты ашуланған Альфред елдің көзінше Виолеттаға ауыр сөздер айтып балағаттайды.

Өлім халінде жатқан Виолетта Аннинаның демеуімен Жорж Жермонның хатын қайта оқиды. Хатта Альфредтің баронмен дуэлінен кейін шетелге кеткенін жазыпты; Виолеттаның өзін-өзі құрбан еткені туралы әкесі ұлына жазған хаты жайында баяндаған екен.

Альфред Виолеттаға келеді, ол жалынып кешірім сұрап, мәңгі сүйемін деп ант-су ішеді. Виолетта олардың бірге болатынына үміті бар, бірақ ол ауыр халде еді. Альфред Аннинаны дәрігерге жұмсайды, дәрігермен бірге Жорж Жермон келеді. Ол Виолеттаға деген бұрындағы ара-қатынасына өкініп кешірім сұрап, оны туған қызындай қабыл алатындығын айтады. Бірақ та тым кеш болады.