Абай атындағы ҚҰАОБТ негізгі іс-шараларды қауіпсіз жүргізу бойынша «Ashyq» пилоттық жобасының қатысушысы болып табылады.

26.04.2021

Құрметті көрермендер!

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры жұмысына қайта оралды.

 

Театрдың қойылымдары бұрынғыдай үлкен залда және ARTE галереясында барлық санитарлық нормалар мен отырғызуда қажетті қашықтықты міндетті түрде сақтай отырып өтеді.

 

Коронавирустық инфекцияның таралу қаупін азайту мақсатында ҚР цифрлық даму министрлігі мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық орындарға келушілерді тіркеу үшін "Ashyq" мобильді қосымшасын әзірледі.

 

 

 

Театр көрермендері үшін "Ashyq" қосымшасы қалай жұмыс істейді?

 

  1. "Ashyq" қосымшасы орнатылған көрермендер үшін.

- Театр билеттерін тексерер алдында ұйымның QR кодын қосымша арқылы сканерлеу қажет

- QR тексеру мәртебеңізді ұйымның тиісті қызметкеріне көрсетіңіз

 

  1. "Ashyq" қосымшасы орнатылмаған көрермендер үшін

- Құрылғыға "Ashyq" қосымшасын орнатыңыз және телефон нөмірі бойынша кіріңіз

- Алынған SMS хабарламаны тексеру жолына енгізіңіз

- Ұйымның QR коды қосымшасы арқылы сканерлеңіз

- Тексеру жолына ЖСН енгізіңіз

- Сіздің мәртебеңіз туралы ақпарат алыңыз және оны ұйымның тиісті қызметкеріне көрсетіңіз

 

  1. Бағдарламаны өз бетінше пайдалана алмайтын көрермендер үшін

- Театрға кіре берісте сіздің мәртебеңізді тексеру үшін тиісті қызметкерге хабарласыңыз* (ол үшін ЖСН-ді білуіңіз қажет).

 

 

5. Жастан асқан балалармен театрға баруды жоспарлаған ата-аналар баланың ЖСН-ін білуі керек

6. Театрға баратын шетелдік азаматтар тиісті қызметкерге төлқұжат нөмірін беруі керек.

 Ыңғайлылық үшін, сіздің мәртебеңіздің рұқсат етілгеніне алдын ала көз жеткізіп, оны бірыңғай "нөлдік" QR арқылы тексеруді ұсынамыз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Театр билеттерін сатып алу үшін кассалық залға барған кезде "Ashyq" қосымшасын пайдалану міндетті болады

 

"Жасыл" және "көк" мәртебесі бар көрермендер қойылымдарға шектеусіз қатыса алады.

 

Егер жүйе "қызыл" немесе "сары" мәртебесін көрсетсе, басқа келушілердің қауіпсіздігі үшін осы мәртебесі бар көрерменге театрға кіруге тыйым салынады. Театр қызметкерлері билетті қайтару процесіне сол жерде көмектеседі.

 

* Код келушінің мәртебесін анықтайды. Келушілерге мәртебе ПЦР-зерттеулердің бірыңғай интеграциялық порталының және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Covid-19 бақылау орталығының ақпараттық жүйелерімен салыстыру негізінде беріледі.

 

  • "жасыл"- келуші мәртебесі деректер базасында covid-19-ға теріс нәтижемен ПЦР-тестілеуден өткен адам ретінде көрсетілген;
  • "көк" - ПЦР тестілеу нәтижелері жоқ,байланысты ретінде саналмайды;
  • "сары"- деректер базасында байланыс ретінде көрсетілген;
  • "қызыл" -covid-19 үшін оң нәтижемен базада тіркелді.

 

Сіздерге көмектесуге және "Ashyq" жүйесінің жұмысына қатысты сұрақтарыңызға жауап беруге қуаныштымыз:

- WhatsApp нөмірі бойынша- +7 776 830 7808

- электрондық хаттар арқылы e-mail - theatreabay@gatob.kz

 

Сіздердің назарларыңызға алдын-ала алғыс айтамыз және әр көрерменнің шыдамдылығы мен түсінушілігіне үміттенеміз.