Абай атындағы балет театры Benois de la Danse халықаралық фестивалінде дипломант атанды

21.06.2023

Benois de la Danse – 1991 жылы 29 сәуірде би күніне арналған халықаралық хореографтар одағымен құрылған дәстүрлі балет фестивалі.

2023 жылдың 18-21 маусым аралығында Benois de la Danse халықаралық балет фестивалі өтті. Аталған шарада Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының жетекші балет солистері Малика Ельчибаева мен Богдан Вербовой халықаралық балет фестивалі сыйлығының дипломанттары атанды. Театрдың балет труппасының көркемдік жетекшісі, Қазақстанның Халық әртісі – Туткібаева Гүлжан Усамбекқызы Ресей Федерациясының халық әртісі, "Ла Скала" Милан театрының және Үлкен театрдың прима-балеринасы Светлана Юрьевна Захарованың шақыртуымен осы фестивальдің қазылар алқасының мүшесі ретінде шақыртылды.

Benois de la Danse – 1991 жылы 29 сәуірде би күніне арналған халықаралық хореографтар одағымен құрылған дәстүрлі балет фестивалі. Алғашында түрлі балет мектептері мен заманауи бағыттағы үздік өкілдері жиналатын әлемдік қойылымдар өткізілетін балет гала-концерті ретінде ойластырылған еді. 20 маусымда 2023 жылы "Бенуа де ла Данс" сыйлығының үміткерлерінің гала-концерті және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.

Биылғы номинанттардың қатарында 6 жетекші классикалық ұйымның және әртүрлі елдердің заманауи ұжымдарының солистері қатысты.Олар – Ресейдің үлкен театры, Мариин театры, Қытай ұлттық балет театры, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры, Юниверсал балетінің (Сеул), Новосибирск опера және балет театрының солистері өнер көрсетті. Гала-концерт алдында 2023 жылғы қазылар алқасының шешімі жарияланды.21 маусым "Бенуа де ла Данс жұлдыздары" атты – әр жылдардағы лауреаттардың гала-концерті өтті. Кеш бағдарламасына би өнерінің түрлі стильдері мен бағыттарының туындылары кірді.

Аталған кеште, Малика Ельчибаева мен Азамат Асқаров Тимур Мыңбаевтың "Фрескалар" балетінен адажио, ал Богдан Вербовой мен Жанель Тукеева Сергей Прокофьевтің "Ромео мен Джульетта" балетінен адажио орындады.

 

Фото: Театрдың баспасөз қызметі

Informburo