Абай атындағы ҚазҰТОБ әртістері халықаралық балет байқауында жүлделі орынға ие болды

09.11.2023
Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театры балет солистері халықаралық балет байқауында жүлделі орынға ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Театр солистері Сочиде өткен Юрий Григорович атындағы IX "Әлемнің жас балеті" халықаралық байқауындағы бірнеше марапатқа ие болды:

 

  • Богдан Вербовой - l жүлде (жоғарғы топ);
  • Қасқырбай Есқали – ІІ жүлде (жоғарғы топ);
  • Ақбота Бекболатов – байқаудың дипломы (жоғарғы топ).

 

Театрдың балет труппасының көркемдік жетекшісі, Қазақстан Республикасының халық әртісі Гүлжан Түткібаева осы мәртебелі байқауда қазылар алқасының мүшесі болды.

Байқаудың халықаралық қазылар алқасына танымал артистер мен педагогтар бар.

 

Источник kaz.zakon.kz