23 қаңтар Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің тікелей эфирінде Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының 90-жылдық мерейтойына арналған брифинг өтті.

23.01.2024

23 қаңтар Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің тікелей эфирінде Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының 90-жылдық мерейтойына арналған брифинг өтті.Бұл шараға театр директоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Бокыбаев Нұрбақыт Әбдіғалиұлы, балет труппасының көркемдік жетекшісі, ҚР Халық әртісі Түткібаева Гүлжан Усамбековна, опера солисі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Болат Бөкенов, театрдың бас дирижері Нұржан Байбусинов және бас хормейстері Әлия Темірбекова қатысты.Тікелей эфирде БАҚ өкілдерінің сауалдарына брифингке қатысқан спикерлер жан-жақты, әрі тұщымды жауап берді. Сонымен қатар, театрдың 90-жылдық мерейтойын атап өтуге қатысты алдағы болатын іс-шараларымен келешек жоспарларын ортаға салды.

Источник: https://www.facebook.com/rsk.almaty02/videos/1455836981694877