Г. Доницетти ДОН ПАСКУАЛЕ

18/04 - 19:00

* Құрметті көрермен!

Үшінші қоңыраудан кейін, көрермендер залына кіруге тыйым салынады.

Кешігіп қалған жағдайда, үзіліс уақытында орындарыңызға өте аласыздар!

 

Г. Доницетти

ДОН ПАСКУАЛЕ

3 актілі опера - буффа

либреттосы Джованни Доменико Руффини

 

Қойылымдық топ:

Қоюшы-дирижер - ҚАНАТ ОМАРОВ

Қоюшы-режиссер, сценограф, костюм бойынша дизайнер – МАТТЕО МАЦЦОНИ (Италия)

Қоюшы-суретшінің көмекшісі – ЭЛИЗАБЕТА САЛЬВАТОРИ (Италия)

Видео суретші - ЛУКА АТТИЛЛИ (Италия)

Костюм бойынша дизайнердің көмекшісі - РОБЕРТА ФРАТТИНИ (Италия)

Қоюшы-хормейстер - ҒАЛЫМЖАН БЕРЕКЕШЕВ

 

І акт

Дәулетті әрі кәрі бойдақ Дон Паскуале өз үйінде тағдырына шағымданып отырады. Оның досы - дәрігер Малатеста жолдасының «азапқа толы тағдыр» мұңын тыңдауда. Кәрі шал өзінің жиенін бай бикешке үйлендіріп, үйінен тезірек қуып шығарғысы келеді, себебі өзінің де жас қызға үйленбек ойы бар. Алайда, жиені Эрнестоның қарсылық көрсетеді, ол біреудің әмірімен үйленгісі келмейді, өйткені оның жүрегі көрікті Норинаға баяғыдан бері тиесілі. Кәрі шал ашуға булыққан. Ертең-ақ Эрнестоны үйден қуып, дүниенің қалаған төрт бұрышына айдап жібермек.Норина жалғыз. Ол сұлу және жас жесірдің қолына таласқан барлық жолдастарын еске түсіреді, бірақ ол тек Эрнестоны жақсы көреді. Бөлмеге дәрігер Малатеста кіріп келеді. Ол Дон Паскуаленің ниеті туралы айтып, Норинаға кәрі шалға сабақ беруді ұсынады. Малатеста нағыз айлакердің өзі, ол кәрі шалға жас әйелмен отбасылық өмірдің «кереметтерін» көрсету үшін Норинаға шіркеу қабырғасында тәрбиеленген ұялшақ әпкесі Софронияның рөлін ойнауды, содан кейін жалған нотариустың (немере ағасы Карлито) көмегімен Дон Паскуалемен жалған неке қидыруды ұсынады. Норина еш ойланбастан келісімін береді.

 

ІІ акт 

Жас Эрнесто өзінің балалық және жасөспірімдік кезеңін өткізген үйінің қабырғаларына қайғыра көз тастайды. Бұл кезде оның нағашы ағасы - Дон Паскуале жиенін үйден қуып шыққанына шын жүректен қуанады, енді ол жас әйелімен жаңа өмір бастай алады. Үйде Малатеста мен Норина бар. Дон Паскуале жас қызға есі кете ғашық болып, бірден олардың некесін қиятын нотариусты шақыртады. Босағаға жалған нотариус Карлито келеді. Үйлену үшін куәгерлер керек. Эрнесто ағасымен қоштасу үшін қонақ бөлмеге кіріп келеді. Қызметшілер оны үйге кіргізбегендіктен қатты ашулы. Эрнесто қорқыныштан Норинаны ағасының келіншегі рөлінде көреді. Малатеста жасырын түрде оған мәселенің мәнін түсіндіріп, екінші куәгер ретінде келісімшартқа отыру арқылы оны авантюраға қосылуға көндіреді. Неке қию рәсімі аяқталғаннан кейін, Норина кішіпейіл бейкүнә қыздан бірден долы, ашуланшақ және ұрысқақ аждаһаға айналады. Ол Дон Паскуаледен ақша және Эрнестоны үйде қалдыруды талап етеді. Дон Паскуале жаңа түскен әйелінен қатты қорқады.

 

ІІІ акт 

Үйленгеннен кейін бірнеше күн өткенде, кәрі бойдақтың үйін тану мүлдем қиынға соғады. Үй қызметшілерге, дүкендерден келген кісілерге толы. Бөлмеге Норина кіріп келеді. Ол бал кешіне баруға дайын, бірақ Дон Паскуале оны тоқтатуға тырысады. Алайда ашуға булыққан әйелі Паскуалені жұдырықтап, шапалақтап бәрін өз дегенімен жасайды. Жерге түсіп қалған жазбаны тауып алған Паскуале, әйелінің көңілдесімен кешке бақшада кездесуге шығатынын біліп қояды. Норина жалдаған қызметшілер мен күңдер Дон Паскуаленің үйін қиратуды жалғастыруда. Бөлмеге Малатеста мен Эрнесто кіреді. Эрнесто кәрі нағашысын мазақ қылу үшін жазбаны әдейі жерге түсіріп кеткендігін айтады. Эрнесто кетіп қалғаннан кейін, бөлмеге Дон Паскуале кіріп келіп, досы Малатестаға өміріне тағы да наразылық білдіреді. Әйелінен ұрыс пен төбелестен басқа ештеңе көрмейді. Ол тіпті өзіне жақындатуға да мұрша бермейді. Оған қоса, көңілдестерімен кездесуге барады. Ол Малатестадан Софронияны қапыда ұстап алуға және некені бұзу арқылы одан құтылуға көмектесуін сұрайды. Малатеста қуана келіседі.Эрнесто Норинаны күтіп тұр. Ол шығады, ғашықтар бір-біріне сезімдерін білдіреді, ұзақ сөйлеседі. Сол мезетте Малатеста мен Паскуале пайда болады. Эрнесто қашып үлгереді, ал Норина бақта ешкім болмағанын мәлімдейді. Әйелін әшкерелеу жоспары сәтсіздікке ұшырап, Паскуале үмітсіз күйде қалады. Ол Норинаға ажырасуды ұсынады. Отбасылық өмірдің буына әбден тұншыққан Паскуале, неке туралы ойдан біржола бас тартуға дайын. Содан кейін Малатеста Эрнестоны шақырады және олар қарт адамға өзінің жалған үйленгендігі туралы құпиясын ашады. Паскуале әйелінен құтылғанына қуанып, Эрнесто мен Норинаға батасын береді. Барлығы бақытты аяқталады.

билетті сатып алу

Қатысушылар мен орындаушылар:

Дон Паскуале...…………… ІЛИЯС АРТАҒАЛИЕВ

 

Доктор Малатеста...……… ОЛЕГ ТАТАМИРОВ

 

Эрнесто …………………….ДАМИР САДУАХАСОВ

 

Норина……………………..АНЖЕЛА ШАГАРОВА

 

Нотариус………………….. СҰНКАР АЛИМҰСА

 

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының симфониялық оркестрі, хор және балеті

* Театр әртістердің құрамына өзгертулер енгізу құқығын өзіне қалдырады*