Дж. Пуччини ФЛОРИЯ ТОСКА

20/04 - 18:00

* Құрметті көрермен!

Үшінші қоңыраудан кейін, көрермендер залына кіруге тыйым салынады.

Кешігіп қалған жағдайда, үзіліс уақытында орындарыңызға өте аласыздар!

 

Дж. Пуччини

Флория Тоска

3 актілі опера

либреттосы Л. Иллика және Дж. Джакоза

В. Сардудың аттас драмасы бойынша

 

Қойылымдық топ:

Қоюшы-режиссер – Ләйлім Иманғазина, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Қоюшы-суретші– Владимир Кошелев

Бас хормейстер – ӘЛИЯ ТЕМІРБЕКОВА

Опера труппасының жетекшісі – Болат Бөкенов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

 

І акт 

Республикашыл және Рим азаттығы үшін күресуші Анджелотти, түрмеден қашып шығып Сант-Андреа делла Валле шіркеуінде жасырын тығылады. Бұл шіркеуге оның әпкесі Аттавантилердің шағын шіркеуінің кілтін және жасырыну үшін ауыстырып киетін әйел киімін жасырады. Шіркеу жабық кезде, құдайға сыйынушылық өнермен алмасады.

Бұл жерде суретші Каварадосси Магдалинаның бейнесін салуда. Шіркеу қызметкері портреттегі Магдалинаның бейнесінен шіркеуге құлшылық етуге жиі келетін әйелге ұқсатады. Ия, бұл Аттаванти. Суретшіні шабыттандырған дәл өзі. Бірақ Каварадоссидің жүрегі тек Тосканы сүйеді.

Каварадоссидің көңілін шу бөледі. Шіркеуде ешкім жоқ деген оймен Анджелотти жасырынып жатқан жерінен шығады. Каварадосси Рим Республикасының консулын танып қояды. Суретші оған қол ұшын беруге дайын екендігін айтады. Осы кезде шіркеуге Тоска келеді. Каварадосси тез арада Анджелоттиді жасырады.

Тоска суреттегі Магдалинаның бейнесінен Аттаванти бегімді таниды, бұл оның қызғанышын тудырады. Каварадосси оны сабырға шақырып, олар кешке Тосканың үйінде жолығатындарын айтады. Тосканы шығарып салып, Каварадосси Анджелоттиге өзінің бақтағы үйінің кілтін беріп, егер қуғыншы іздеген жағдайда құдыққа тығылуға болатындығын ескертеді.

Түрме зеңбірегі атылады – бұл қауіп-қатерді ескертетін белгі. Олар шіркеуден шығып кете барады.

Шіркеуде қызметшілердің қуанышты дауыстары естіледі: «Наполеон жеңілді!».

Кешке жеңістің құрметіне мереке болады. Флория Тоска патшайымның алдында кантатаны орындайды. Осы кезде жандармдарымен полиция басшысы келеді. Олар қашқынға тиесілі затты тауып алады. Флория Тоска шіркеуге қайтып келеді. Арам ойлы Скарпья әншінің қызғанышын тудырайын деген оймен оған Аттавантидің желпуішін көрсетеді.

Қаймыққан Тоска сүйіктісі мен оның бикешін іздеуге бел буады, ал Скарпья оның артынан тыңшыларын жібереді. Ах, Тоска! Тек қана сен қайырымсыз Скарпьяға бәрін ұмыттыра аласын.

 

ІІ акт 

Барон өз кабинетінде. Түн, төменгі қабаттан оркестрдің үні естіледі. Патшайым Бонапарттың жеңілісін тойлап жатыр. Скарпья Тоскаға кантатадан кейін кездесу үшін шақыру жібереді. Ол қолжетпес әнші Каварадосси үшін мейірім танытады деген ойда. Сполетта келіп Тосканың үйінде Анджелотти қылмыскер табылмағанын және оның орнына Каварадоссиді тұтқындағанын баяндайды. Каварадоссиден жауап алу басталды. Суретші өзін сенімді және қайсар ұстауда. Каварадосси кіріп келген Тоскаға тіс жармауды бұйырады.

Жазалаушылар Каварадоссиді алып кетеді. Скарпья Анджелоттидің жасырынып жатқан жерін айтуды талап етеді. Тоска таңғалып абыржуда.

Қабырғаның ар жағынан оның сүйіктісінің ащы даусы естіледі... Флория азаптауды тоқтату үшін бәріне әзір. « Бақта, құдықта!» - деп ессіз айқайлап жіберіп, құпияны ашады.

Каварадосси қайтадан оның қасында. Каварадоссидің бар ойы - борышы. Тосканың сатқындығын білген Каварадосси оны қарғап, итеріп жібереді. Суретшіні қамауға алады. Флорияның көз жасы Скарпьяның ынтығын оятады. Баронның пасық ұсынысы Тосканың ызасын келтіреді. Бірақ таң атысымен Каварадосси жазаға кесілетінін естіген ол сүйіктісін құтқару үшін баронға келісімін береді. Бірақ оның бір шарты бар: Италиядан кету үшін Каварадосси екеуіне рұқсат қағаз беруі тиіс.

Ал ең бастысы – Каварадоссиді өлтіргендей болып, Скарпья ату жазаны бос оқтармен жүргізуге уәде етеді. Скарпья рұқсат қағазға қол қойған соң, қызды құшамын деп ұмтылған кезде, үстелдің үстінде жатқан пышақт Тоска оның кеудесіне сұғады. Жазасы берілді!

 

ІІІ акт 

Сант Анжело түрмесі. Таң атып келеді. Бақташының әні естіледі. Бір топ сарбаздар Каварадоссиді ату жазасына алып келе жатыр. Биік қамал басынан Тосканы көрген ол өз көзіне сенер емес. Таң қалған суретші рұқсат қағазды көріп, Скарпьяның өлімі жөнінде және ойластырылып дайындалған қашу туралы жоспарды естиді.

Каварадосси сүйіктісінің ерлігіне таң қалады. Алда оларды бақыт күтіп тұр.

Тек ойластырылған ату жазасы өтсе болғаны... Мылтық дауысы гүрс етеді. Тоска сүйіктісіне қарай жүгіреді. Ол мерт болды!

Каварадоссидің денесінің қасында жылап отырған Тоска тыңшылардың дауысын естиді. Скарпьяның өлімі мәлім және ол полициядан қашып құтыла алмайды. Тоска қамал қабырғасына қарай ұмтылып, төмен қарай секіреді...

билетті сатып алу

Қатысушылар мен орындаушылар:

Флория Тоска.....……….ЕВГЕНИЯ СМОЛЬЯНИНА

 

Марио Каварадосси, ….. БАЛУАН БЕРКЕНОВ

 

Барон Скарпья................ЕВГЕНИЙ ШАГАРОВ

 

Чезаре Анджелотти, .…. СЕРІК АУҚАТОВ

 

Шіркеу қызметкері.….... ЖАНДАРБЕК ЕРКІНБАЕВ

 

Сполетта, .……………. НҰРҒАЛЫМ АМАНБАЙ

 

Шарроне …..……...….. БЕКЗАТ АБИТОВ

 

Түрмеші………………. ҰЛАН ЖАҚЫП

 

Бақташы………….…… АРУЖАН ТӨЛЕПБЕРГЕН

Шіркеу қызметкерлері, діни қауым мүшелері, сарбаздар, жандармдар– хор әртістері

 

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының симфониялық оркестрі, хор және балет труппасы

Бас дирижер – НҰРЖАН БАЙБУСИНОВ, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

 * Театр әртістердің құрамына өзгертулер енгізу құқығын өзіне қалдырады*