Л. Минкус ДОН КИХОТ

21/04 - 18:00

* Құрметті көрермен!

Үшінші қоңыраудан кейін, көрермендер залына кіруге тыйым салынады.

Кешігіп қалған жағдайда, үзіліс уақытында орындарыңызға өте аласыздар!

 

Л. Минкус

Дон Кихот

3- бөлімді балет

Либреттосы Мариус Петипа

Мигель де Сервантес Сааведраның

«Айлакер идальго Ламанчалық Дон Кихот» романы желісімен

Хореография Александр Горский, Мариуса Петипа спектаклінің желісімен

 

Қойылымдық топ:

Қоюшы - Дирижер - Мұхтар Қалдаяқов

Қоюшы-балетмейстер – Гүлжан Түткібаева, ҚР халық артисі

Қоюшы – суретшіВячеслав Окунев, РФ халық суретшісі, РФ және ҚР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты

 

І акт 

Барселонада, Лоренцоның кабагының алдындағы алаңда қызық-думан өтіп жатыр. Кабактың қожайынының сұлу қызы Китри мен оның ғашығы шаштараз Базиль де осында... Лоренцоға кедей жігіт Базильден гөрі бай мырза Гамаш көбірек ұнайды. Оның Китриге үйленгісі келеді.

Көпшілік көше бишісі мен тореадор Эспаданы қызу қарсы алады. Сері Дон Кихоттың келуі елді дүр сілкіндіреді. Саяхатшыны столға шақырады, оның серігі семіз Санчо Пансо қыздардың мазағына айналды.

Дон Кихот Китридің сұлулығына таң қалады. Оның есін алып жүрген Дульцинея осы қыз емес пе екен?

ІІ акт 

Сығандар тобырына Дон Кихот келеді, сығандар оның көңілін аулайды. Дон Кихотқа айналасының бәрінен қауіп сезіледі, ол желдиірменмен арпалысқа түседі. Ұйқыдағы Дон Кихоттың түсіне әсем Дульцинея бейнесіндегі Китри енеді.

Кабактағы жастар көңіл көтеруде. Олардың арасында Китри мен Базиль де бар.Китридің әкесіне ғашықтардың қылығы ұнамайды, Китридің күйеуі болуға тек Гамаш қана лайық.

Базиль өзін өтірік өлтіреді, Китри Дон Кихотты Базильдің соңғы тілегі екеуіне бата беру үшін әкесін көндіруін сұрайды. Лоренцо қызының өтінішін орындай салысымен, Базиль тіріліп кетеді.

ІІІ акт

Базиль мен Китридің үйлену тойы. Ең құрметті орында Дон Кихот отыр. Жас жұбайларға бақыт тілеп, сері Дон Кихот жаңа шытырман оқиғаларды іздеп жолға аттанады.

 

билетті сатып алу

Қатысушылар мен орындаушылар:

Китри Лоренцодың қызы ……….... ӘСЕЛ АСҚАРОВА (алғашқы орындауы)

Базиль, шаштараз………………….. АРХАТ ӘШІРБЕК

Дон Кихот………………………....…..АМИР ЖЕКСЕНБЕК

Санчо Панса, қару асынушысы…….КАРИПОВ АДЛЕТ

Лоренцо, Китридың әкес..…………..РУСЛАН КАДЫРОВ

Гүл сатушы қыздар.............................АҚБОТА БЕКБОЛАТОВА (алғашқы орындауы), ДИНАРА КУДАБАЕВА

Гамаш, бай ақсүйе…………...............ДӘУРЕН ЖЕҢІС

Көше бишісі…………….................…АРУЖАН БАРАТОВА (алғашқы орындауы)

Эспада, тореадор…………………....НЕЛЬСОН ПЕНЬЯ

Дриада әміршісі…………….............АДИЯ МАНАБАСОВА (алғашқы орындауы)

Амур………………………………...…МАЛИКА УСЕНОВА

Мерседес.............................................ГҮЛНАЗИЯ ПІЛТАН

Енгізілмелі вариациялар…………...АЙМАН ЕГИСБАЕВА, АДИЯ МАНАБАСОВА (алғашқы орындауы)

Сыған биі...........................................НАРГИЗ МИРСЕИДОВА, СЫРЫМ АЮПОВ (алғашқы орындауы)

Джига……………………………….......МИЛАНА РАХИМБЕКОВА, АКЫЛ ЖУАС, ДИАС КУБАШЕВ, ДАРЫН ТАИРБЕКОВ

 

 

Абай атындағы Қазақ Ұлттық академиялық опера және балет театрының симфониялық оркестрі, хор және балеті

Дирижер – МҰХТАР ҚАЛДАЯКОВ

* Театр әртістердің құрамына өзгертулер енгізу құқығын өзіне қалдырады*