Герцог Мантуанскийдің сарайында бал өтіп жатыр.Сарай сайқымазағы Риголетто герцогты бүгін кешке граф Чепраноның әйелін ұрлауға арандатуға тырысады.Оның жөнсіз қалжыңдарынан ызаланған қызметкерлер Риголеттоны сабасына түсіру үшін оның үйінде жасырып жүр деген сүйіктісін ұрлау туралы графқа ұсыныс жасайды.Граф Монтероне герцогтың кезекті махаббат мазағына айналған қызын қайтаруды талап етеді. Ол байқұс әкені тұтқынға алуға бұйырады.Монтероне Риголеттоны қарғайды.
Риголетто үйіне қайтып келе жатып,жалдамалы кісі өлтірушіні кездестіріп, оның есімін есінде сақтап қалады. Риголеттоның үйінде Джованна қызметшімен бірге оның қызы Джильда тұрады.Герцогтың сарайының жағымсыз ғұрпымен жақсы таныс әкесі қызын ел көзіне түсірмеуге тырысады. Джильда әкесіне жас жігітпен кездеспек ойын айтуға бата алмайды. Әкесін шығарып салғаннан кейін жас жігітті кездестіріп қалады.Қарапайым студент кейпіне енген герцог оған өзінің құштарлығын білдіреді. Көшеден естілген адамдардың шуынан секем алған ол қызбен тез қоштасады. Риголеттоның үйінің қасына достарымен граф Чепрано келеді.Олар жұмбақ қызды ұрламақ,бірақ Риголеттоның өзі келіп қалады.Оның күдігін сейілту үшін сарай қызметкерлері жақын маңда орналасқан замоктың иесі граф Чепраноның әйелін ұрламақ екендіктерін айтады.Риголетто да қатысуға келісімін білдіреді.Оның көзін байлайды. Риголетто болған оқиғаны түсінгенде қатты өкінеді...
Герцог қатты қапалы,ол көз салып жүрген қыз ұрланған... Оның көңілін көтеру үшін қызметкерлері сайқымазақтың сүйікті қызын қалай ұрлағандарын айтады, қыздың кім екенін түсінген герцог тұтқын қызды көруге асығады... Қайғыдан қан жұтқан Риголетто сарайға келіп қызын қайтаруды сұрайды.Герцогтың жатын бөлмесінен жылап шыққан қызын көрген Риголетто қызының төгілген абыройы үшін кек алуға ант етеді.
Түн.Жалдамалы қанішер Спарафучилленің тұратын жеріне оның қарындасы Маддаленамен кездесу үшін түрін өзгертіп киінген герцог келеді Герцогтың сөзіне сенуге болмайтындығын дәлелдеу үшін,.Риголетто да осы жерге Джильданы ертіп келеді. Джильда қатты қапалы.Әкесі оны бүгін түнде ер адамның киімін кигізіп,Веронаға аттандырмақ. Риголетто герцогты өлтіру жайлы қанішермен келіседі.Кегі қайтқанына қуанған ол герцогтың денесін суға өзі лақтырмақ. Маддалена ағасынан герцогты өлтірмеуін сұрайды,қарындасының өтінішін орындауға уәде берген ол бірінші болып лашықа кірген адамды өлтіруге келіседі. Еркек киімін киген Джильда соңғы рет герцогты көру үшін келіп,олардың келісімін естіп қалады,өз өмірін герцогтың өмірі үшін қиюға шешім қабылдайды. Риголетто Спарафучилледен дене салынған қапты алып, кегінің қайтқанына мәз болған кезінде герцогтың таныс әнін естиді.Қапты ашып жібергенде,қансырап өлім үстінде жатқан қызын көреді. Қайғыдан Риголетто есінен айырылады.