Есенгелді Рза

Есенгелді Рза

20.05.1976

Білімі

1998 - 2002 жж. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында, ҚР еңбек сіңірген әртісі, профессор, Ш. Қ. Əбілов класы бойынша тəмəмдаған.

Жұмыс тәжірибесі

2002 - 2012 жж. Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясында "жеке дауыстағы əнші" ретінде қызмет істеді.

2013 жылдың Сәуір айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Абай атындағы Қазақ ұлттық опера жəне балет театрының солисі.

Байқаулар және фестивальдар

  • А. С. Пушкиннің 200 жылдығына арналған конкурстың бірінші орны, 1998 ж.
  • К. Байсейітова атындағы Республикалық конкурстың лауреаты, 2003 ж.
  • «Алтын дауыс» республикалық конкурсының «Үздік баритон» атағының иегері, 2009 ж.

Марапаттары

  • 2008 ж. ҚР мəдениет министрлігінің жарлығымен "Музыка өнерінің үздігі" атты марапатқа ие болды.
  • 2011 жылы ҚР Мəдениет қайраткері атағына ие болды.

Репертуар

Қажен («Ер Тарғын» Е. Брусиловский)

Жанбота («Біржан - Сара» М. Төлебаев)

Офицер («Риголетто» Дж. Верди)

Ротный («Евгений Онегин» П. Чайковский)

Түрмеші («Тоска» Дж. Пуччини)

Жиренше («Абай» А. Жұбанов, Л. Хамиди)