А. Меирбеков «Алдар Көсе»

Меирбеков Алмабек

Балалар балеті-екі актілі ертегі

Музыкасы - Меирбеков Алмабек Ордабекұлы

Либреттосы және хореографиясы - Тлеубаев Майлен Минтаевич

 

Қоюшы-дирижер – НҰРЖАН БАЙБУСИНОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қоюшы-балетмейстер - МАЙЛЕН ТЛЕУБАЕВ (Жапония)

Қоюшы суретші - ИННА СУГИ (Жапония)

Бейнеграфика-суретшісі - ЕРБОЛ БИСЕНОВ (Қазақстан)

Балет труппасының көркемдік жетекшісі – ГҮЛЖАН ТҮТКІБАЕВА, ҚР халық әртісі

Спектакльді жүргізетін режиссердің көмекшілері - ӘЛИЯ ЖАБАЕВА, ГАЛИНА БУЛГАРЦЕВА, ҰЛАН БАДЕНОВ

 

 

Қатысушылар:

Алдар Көсе – көңілді, қу, тапқыр кейіпкер

Айсұлу- бойжеткен

Илентай- бақташы (Айсұлудың күйеу жігіті)

Қарт ана- Айсұлудың анасы

Жезтырнақ- айлакер сиқыршы

Әлти аңшы- Илентайдың досы

Бай

Төреші

Ақсақал- жеміс сатушы

Байдың әйелдері

Соттың қызметшілері

Жезтырнақтың қызметшілері

Халық, елестер, өрмекшілер

Балалар - А. Селезнёв атындағы Алматы хореографиялық училищесінің оқушылары

 

 

История

I Бөлім

1-көрініс

Таңғы уақыт. Бір ауылда бір кемпір үй шаруасымен айналысып жүр, оның жар дегенде жалғыз, көрікті Айсұлу деген қызы бар. Айсұлу керемет ісмер және көмекші. Ол әдемі орамалдарды тамаша кестелеп, сәттілік үшін арналған бойтұмарлар жасайды. Айсұлудың Илентай атты сүйікті күйеу жігіті бар. Ол мал бағып, сыбызғыда керемет ойнайды. Бұл сыбызғының үні сиқырлы еді. Илентай сыбызғыда ойнағанда жақсылардың бәрі қуанып, ал зұлымдар бұл тамаша әуенді тыңдай алмайтын еді. Қарапайымдылығы мен адалдығы үшін халық оны қатты жақсы көреді, құрметтейді. Илентайдың адал досы бар, ол аңшы Әлти. Олар кемпір мен хас сұлу Айсұлуға үй шаруашылығына жиі көмектеседі. Кенет қатты біреудің күлкісі естілді, бұл халықтың сүйіктісі Алдар Көсе еді. Алдар домбыра тартып, көңілді әндер айтып, ел-жұртқа күлкілі әңгімелерді айтып келеді. Кемпірдің киіз үйінің жанына тоқтаған Алдар одан су сұрайды. Кемпір мен Айсұлу Алдарды біраз демалуға үйлеріне шақырады, оған үйдегі барын, су мен шелпек әкеліп ұсынады. Алдар сыйды ризашылықпен қабылдайды. Біраз демалып, Айсұлу мен Илентайдың өтініші бойынша ол тағы да көңілді әндер айтып, би билей бастайды. Осындай жайдары, ақкөңіл адам Алдар Көсе құр бос отыра алмайды! Жиналғандардың барлығы көңілді! Алдарға әндері мен әңгімелері үшін алғыс ретінде Айсұлу мен Илентай оған би билеп береді. Олар бір-бірін өте қатты жақсы көреді, екі әдемі құсқа ұқсайтындай көрінді! Балалар жүгіріп шығып, ойнап, еркелеп, барлығынан сыйлық сұрай бастайды. Іле-шала өзінің алты әйелін ертіп семіз, ашкөз бай өтіп бара жатыр. Балалар одан тиын беруін сұрайды. Бай оларды қуып жібереді. Алдар кедей балаларды аяды. Алдардың ақшасы жоқ, бірақ ол қалтасынан құрт алып, балаларға таратады. Балалар өте риза, Алдарға алғыстарын жаудыруда. Төреші қызметшілерімен бірге келеді. Дәл сол жерде айлакер бай құрметті төрешіге сәлем беру үшін жүгіріп келіп, оған құрмет белгісі ретінде ақшасы бар әмиянды береді. Төреші оны алып белбеуіне салып қояды. Бірақ балалар қояды ма! Бір кішкентай бала төрешіден әмиянды алып алады да, олжалы болған барлық балақайлар қашып кетеді. Төреші ашуланады! Ол қызметшілеріне кішкентай ұрыларды қуып жетуді бұйырады да өзі олардың соңынан ереді. Бай да кішкентай балалардың мұндай бассыздығына ашуланады, бірақ ол сол мезетте көркем ару Айсұлуды байқап қалады. Бай оның сұлулығына тәнті болып, бәрін ұмытып кетеді. Ән айтқанды өте жақсы көретін бай, өз дауысымен Айсұлудың жүрегін жаулаймын деп шешеді. Бірақ, байдың даусы жоқ, оның әнді соншалықты жаман айтқандығынан барлығы құлақтарын жабады. Алдар баймен қалжыңдасып, Айсұлуды осы ыңғайсыз жағдайдан құтқаруды ұйғарады. Ол байға көзін байлап, ән айтуға кеңес береді. Оның айтуынша, Айсұлу оның шеберлігіне таңданып, өзін сүйуге рұқсат беретінін айтып сендірді. Ақымақ бай келіп, көзін жабуға рұқсат береді. Алдар байдың ештеңе көрмегенін пайдаланып, үстіне орамал жамылып алып, байдың әніне билей бастайды. Әнінің аяғында бай хас сұлу Айсұлудың орнына Алдар Көсені сүйеді! Бүкіл халық байға күледі. Сәтті әзілге риза болған Алдар қашып кетеді, бай Алдардың соңынан қуа жөнеледі, байдың әйелдері асығыс артынан ереді. Айсұлу, Илентай және олардың достары би билеп, барлығы көңіл көтеруде. Мұнда Алдарды қуып жете алмағандығынан, көңілі толмаған бай қайтып келеді. Сонда арамза бай өш алуға бел буады. Ол тағы да төрешіге ақша беріп, төрешінің қызметшілеріне Илентайды ұстауды сұрайды, ал өзі Айсұлуды күшпен алып кетеді. Төрешінің қызметшілері Илентайды ұрып-соғып, ол есінен танып қалады. Барлығы абдырап қалды. Айсұлудың анасы- байғұс қарт ана қайғырып отыр. Олар жалғыз сүйікті қызын алып кетті, ал Илентайды аяусыз соққыға жықты. Көмектесетін ешкім жоқ! Бірақ, кенеттен сиқыршы Жезтырнақ пайда болады. Ол өзінің сиқырлы сусындары үшін шөптерді іздеп жүреді. Жезтырнақ Илентайды байқап қалып, ұнатып қалады. Ол оны өзінің сиқырлы дуаларымен есін жиғызады. Өз-өзіне келген Илентай Айсұлуды іздейді, оның ұрланғанын біледі. Ол Жезтырнақтың мейірімінен бас тартып, байдың артынан қуады. Айсұлудың анасы қатты қайғыда. Айсұлу ұрланды, енді міне Илентай да кетті. Не істеу керек? Кенеттен Алдар Көсе пайда болады. Не болғанын білгеннен кейін ол кемпірді жұбатады. Алдар мен аңшы Әлти ғашықтарға Айсұлу мен Илентайға көмектесуді ұйғарады.

 

II Бөлім

2-көрініс

Алдар Көсе және аңшы Әлти достарына көмектесуге асығады. Олар қашып кеткен Илентайды іздеп жатыр. Алдар көңілді, ғашықтардың тағдырына алаңдаған Әлтиді жігерлендіреді. Олар іздеуді жалғастыруда.

 

 

3- көрініс

Бұл кезде хас сұлу Айсұлу зұлым байдың тұтқынында торығып отырды. Айсұлудың сұлу көркінен есінен адасқан бай алты әйелімен бірге қызды тойға дайындауда. Бай Айсұлудың көңілінен шығуға тырысып, қымбат сыйлықтар береді. Айсұлу бәрінен бас тартады. Сонда бай оны күшпен алмақшы болады, бірақ Айсұлу оның қолын тістеп алады. Ашуланған бай Айсұлуды жалғыз өзін қамап, әйелдерімен кетіп қалады. Айсұлу тұтқыннан қашуға тырысады, бірақ шаршап ұйықтап кетеді. Түсінде ол өзінің сүйікті Илентайды көреді. Түсінде олар қайтадан бірге! Бірақ, ұйқысы ұзаққа созылмады. Айсұлу оянып кетіп, бұл жай ғана түс екенін түсінеді! Шарасыздықтан ол қатты жылайды.

 

4- көрініс

Ұлы Хан Тәңірі тауының етегінде зұлым Жезтырнақтың үңгірі орналасқан. Жезтырнақ Илентайды қуып жетіп, сиқырлығының арқасында өзінің қожалығында оны алып қалмақшы. Ол өзін Илентаймен бірге болғанын қалайды, сол үшін оны дуаның арқасында жанында ұстауға тырысады. Илентай мүмкіндігінше қарсылық көрсетеді, бірақ зұлым сиқыршы Жезтырнак оны алдап, сиқырлайды. Осы кезде Алдар мен Әлти келеді. Олар Илентайдың қиындыққа тап болғанын көріп, оған көмектесуге асығады. Қиян-кескі шайқаста олар зұлым Жезтырнақты жеңіп, қуып шығады. Илентай құтқарылды! Достар қайтадан бірге! Бірақ қуануға әлі ерте. Айсұлу әлі де байдың қолында. Қайғырған Илентайды досы Әлти жұбатады. Тапқыр Алдар Айсұлуды құтқарудың айлалы жоспарын ойлап табады! Достар көмектесуге асығады!

 

5-көрініс

Байдың үйінде үйлену тойға бәрі дайын. Қыңыр бай көнбей, Айсұлуды өзіне жетінші әйел қылып күштеп алмақшы. Төреші оның құрметті қонағы. Айсұлу қатты қайғырады, бірақ әлі де сүйіктісі Илентай оны жақын арада құтқарады деген үміті бар. Сол кезде екі бақсы пайда болады, олар Илентай мен Әлти еді! Олар ешкім танымайтындай етіп киініп алған. Илентай мен Әлти бақсылар кейіпінде келіп, бай мен Айсұлудың үйлену тойы мен ерлі-зайыптылық өмірі бақытты болуы үшін сиқырлауды ұсынады. Бай келіседі. Бақсылар өздерінің рәсімін бастайды. Кенеттен қорқынышты және зұлым Шайтан пайда болады! Оның қолында найзағай шығаратын үлкен сиқырлы мүйіз бар! Ол үйлену тойына қарғыс айтып, байды өзіне алмақшы! Барлығын қорқынышты үрей алады! Шайтан оларды өздеріне алып кетпеуі үшін қатты қорыққан бай, төреші және басқалары барлық жақсылықтарын тастап қашып кете барады! Олар қашқан бойда Шайтан Алдар Көсеге айналады! Ол Айсұлу мен Илентайға көмектесу үшін және бай мен төрешіге сабақ болсын деген оймен осы көңілді, айлалы жоспарды ойлап тапқан болатын.

 

 

6-көрініс

Біздің ғашықтар қайтадан бірге! Айсұлу, Илентай және Әлти Алдарға тапқырлығы үшін алғыс айтады. Барлық достар Айсұлудың анасын қуанту үшін үйлеріне оралады! Илентай мен Айсұлу қайтып келгенде, қарт анадан үйлену тойына келісімін сұрайды. Айсұлудың анасы қуана келісіп, ақ батасын береді! Алдар Айсұлу мен Илентайды құттықтап, қайырымды және адал адамдарға тағы да көмектескеніне өте қуанышты екенін айтады! Алдар Көсе сапарға шығады! Оны әлі де көптеген көңілді және қызықты оқиғалар күтіп тұр! Барлығы оған алғыс айтып, қоштасады. «Рахмет сізге, құрметті Алдар Көсе! Біздің ауылда болсаңыз, міндетті түрде бізге келіңіз! Біз сізге әрқашан қуаныштымыз! Сізге сәттілік тілейміз қымбатты досымыз!»