
Екі бөлімді опера
Г. Доницетти
либреттосы Ф.Романи
Адина
Неморино
Белькоре
Дулькамара
Джанетта
Шаруа жігіт Неморино өзі сұлу,өзі ақылды,оқыған қыз Адинаға өлердей ғашық.
Адина болса әдемі де ұяң жігітке кет әрі болмаса да,өзіне көңілі бар жігітердің барлығына жасағаны сияқты оны да әжуалап, мазақ қылады.
Адинаның көңілін өзіне қалай аудару туралы ой Неморинаға маза бермейді. Шаруалардың сұрауы бойынша Адина оқитын Тристан мен Изольданың тарихынан ғажайып сусын жайлы естиді. Тристан ішіп үлгірмей-ақ, Изольда бірден оған ғашық болды дегенді естіген қыздардың барлығы сол сусынды тапқысы келеді.Неморино болса қайтсе де қасиетті сусынды табуды мақсат етеді.
Деревняға сержант Белькоре бастаған солдаттар енеді.сержанттың көзі сұлу Адинаға бірден түседі.оның Адинаға гүлшоғын ұсынуы Немориноның жүрегінде қызғаныш отын жағады,
Белькоре сөзді көп созбай Адинаға үйлену күнін белгілеуді ұсынады. Такаппар қызға оның өктемдігі ұнамайды, ұсынысын қабылдамайды.
Адина солдаттарды бастығымен фермасына қонаққа шақырады.ал Неморинаға қалаға,ауырып жатқан ағасына барсын, әйтпесе ,мұрасыз қалып жүрер –деп күледі.
Жуас, тәрбиелі Неморинаны қинағысы келмегенімен,өзін қайта жасай алмайды,бүгін жақсы көрсе, ертең айнып қалады.Ең дұрысы, Адинаны ұмтықаны жөн.
Бірақ бишара жігіт өлердей ғашық оған…
Тағдыр оған көмек қолын созады, деревняға емші Дулькамара келеді.Оның жазбайтын ауруы жоқ,ең бастысы оның қолында ап-арзан махаббат сусыны бар.
Изольдаға әсер еткендей шарбат керек деген Неморинаға жалған емші кәдімгі шараптың құмырасын беріп, тек бір күннен кейін ғана ішу керек деп ескертеді.
Аңқау жігіт тәуіпке қайтып алғысын білдірерін білмейді, оның күтуге шамасы жоқ.Құтыдағы шарапты бірден тауысқан Неморино кенет тым көңілді, тым батыл болып кетеді.Адинаға қарамайды да, ертеңгісін ғашықтықтан құтылатынын жариялайды.
Ызаланған Адина Белькораға күйеуге шығатынын,тек қана бес күндей күтуі керектігін айтады.
Сержант таң атысымен солдаттарымен деревнядан шығуы керектігі жайлы бұйрық алады.
Немориноға ызалы Адина Белькореға үйлену тойын бүгін жасауға келісімін береді.
Мастығы бірден тараған Неморино Адинаға ең құрмаса ертеңге дейін үйленбей қоя тұр деп жалынады. Белькоре жұрттың бәрін тойға шақырады.
Адинаның үйінің алды толған қонақ. Ең сыйлы орынға жайғасқан Дулькамаро қалыңдық пен күйеуді құттықтап,Адинаны өзімен бірге ән салуға шақырады.
Қыздарды түсінбейсің, біресе тойды асықтырса, ендң неке шартына қол қоюға асықпайды-деп сержант аң-таң.,
Неморино ақша іздеп әлек.Құтқарушы сусынды ақшасыз ала алмайсың.Уақыт өтіп барады. Белькоре оған әскерге жазылуға кеңес береді.Осылайша Белькоре қарсыласын жолдан тайдыра алады.
Неморино келісімге қол қояды-ақша қолында,енді тездетіп Дулькамараны табу керек.
Кенет бүкіл деревняға Миланда Немориноның ағасы қайтыс болып, бар байлығын жігітке қалдырды деген хабар тарайды.
Бірақ емшінің “қасиетті” сусынынан тойып алған Неморино ғана бәрінен хабарсыз.
Сусынның әсері бірден белгілі болды- жолда кездескен Джанетта айрықша ықыласпен қарайды.Енді ше, ол бай күйеу жігіт қой. Неморино да көңілін білдіреді..
Опасыз Адинаны көзіне де ілмейді…
Дулькамара сусынның күшіне өзі де кәміл сене бастайды. Ол Адинаға да татып көруге ұсыныс жасайды. Бірақ, қыз емшіге емес өзінің сезіміне ғана сенеді.
Немориноны шақырып алып, Адина оған Белькородан сатып алған қолхатын қайтып береді.Жігіттің басы енді бос.
Неморино қыздың өзіне күйеуге шығуға дайын екендігін және өзіне ғашық екендігін естіп қуаныштан есі кетеді.Тағы бір тамаша жаңалық-ол енді үлкен байлықтың иесі.
Сержант Белькоре аса қатты қайғырған жоқ-әйелдер аз ба өмірде…
Дулькамара үшін де жаман болмады, елдің бәрі екі ғашықтың қосылуына оның “махаббат сусыны” көмектесті деп сенді.
Жүректерді жарастырған махаббат сусыны жасасын!